Ақтөбеде орамалды оқушылар сабаққа келмей жүр

24.09.2018, 19:21

94

Ақтөбеде 25 орамалды оқушы әлі сабаққа бармай жүр. Оның ішінде 10 қыз бірінші қыркүйектен бері бірде-бір рет мектепке бармапты. Ата-аналары болса, басындағы орамалсыз жіберуге келіспейді. Қазір бұл жағдайға байланысты 13 материал Ақтөбе облыстық білім саласын бақылау департаментіне жіберілген. Қалалық білім бөлімі оларды әкімшілік жауапқа тартып, айыппұл салу мәселесін қарауды ұсынған.Оның ішінде 10 құжат «Қазақстан Республикасы әкімшілік құқықбұзушылық туралы  Кодексінің» 409-бап 2-тармағы, ал қалған  3-уі осы Кодекстің  409-бабы 7-тармағы  бойынша екінші мәрте айыппұл салу бойынша материалдар екен.[caption id=«attachment_18104» align=«alignnone» width=«960»]Суретте: Ақтөбелік орамалды оқушылар көшеде кетіп барады.
Фото автордікі.[/caption]«14 қыркүйек күні мектептің қабырғасында қоғамдық  тәртіпті бұзғаны үшін Ақтөбедегі №31  мектептің 3 ата-анасы 3 тәуліктен 5 тәулікке дейін  қамауға алынды.  Жергілікті полиция қызметкерлерімен әкімшілік сотқа барып соттың ұйғарым бойынша қамалды.Қазір бұл мәселе бақылауда. Бірақ, ата-аналар әлі де ымыраға келмей, әрі қарай да, мектептің талаптарын орындамаймыз деп отыр. «Балаларымыздың басына кимешек кигізіп әкелеміз»деп отыр», — дейді Ақтөбе қалалық білім бөлімінің әдіскері Ғазиз ҚАЛАМОВ.Фото: vk.com
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Қазақстанның үздік университеті беделді халықаралық аккредитациядан өтті
    12.04.2021, 18:00
  • Жылқы бағып, мотоцикл мінген әзиз әжелер
    08.04.2021, 14:24
  • Ашынғаннан шыққан ащы дауыс
    09.04.2021, 09:03
  • Семейде 170 жаңа автобустың 70-і жүруге жарамай тұр
    08.04.2021, 09:08
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз? Досановтың романы: қайран тіл, қайран сөз
    06.04.2021, 09:16