Ақтөбеде прокуратура алдында митинг болды

23.09.2019, 18:54

38

Ақтөбедеүй аламын деп алданғандар бүгін облыстық прокуратураға басып кірді. Сөздерінше салымшылар тұрғын үй кооперативіне баспана алуүшін ақша салып, кейін дымсыз қалған. Үй аламыз деп миллиондарынан айырылғансалымшылар  директор келіншектің жетпіскежуық салымшының алдындағы қарызы 154 миллион теңгеге жеткенін айтады.Алайда  үстінен іс қозғалғанымен, сотжүктілігіне байланысты қамауға санкция беруден бас тартыпты. Енді салымшылармүлдем жазасыз кете ме деп қорқады.

 Жарнамасы жаңғырған кооперативке үй аламыз депқалталарындағы бар жинағандарын салған салымшылар бүгінде сан соқтық деп отыр.Сөздерінше   «Вест Хауз» деп аталатынкооператив салымшыларынан баспана бағасының отыз пайызын алып, қалғанын нөлпайызбен несиеге үй алып береміз деп алдап соқты дейді. Бүгін жиырмаға жуық салымшы облыстық прокуратураалдына келіп,  наразылықтарын білдірді.

«Мен 2018 жылдыңқазан айында  екі миллион отыз мың теңге бердім. Яғни пәтердің 30 пайызын. Келісім шартбойынша мен март айында уже үйге кіріп отыру керек едім. Сонымен ақпанөтті,наурыз өтті. Ешқандай хабар жоқ. Бұл кооперативке алданған адамдар өте көп», —  дейді НұрлыайымДОСМҰХАНБЕТОВ


«Вест хаузға» былтыр шілдеде870 000 теңге салдым. Бір жыл да екі ай болды. Сізгеүш айда үй береміз деді. Төлеп, келісім шартқатұрып, ендіүш ай болсын деп күттік. Үш айдан кейін келсек көшіп кеткен. Біздер жәрдемсұрап келіп тұрмыз. Барлық жерге арыз жаздық. Ешқандай қозғалыс жоқ», —  дейді облыстықпрокуратура алдына  келген Сәлима ЕБЕНОВА.

 Алданған салымшылар полиция департаментіненбастап, сот, прокуратураға дейін арызданғандарын айтады. Алайда арада біржылдай уақыт өтсе де мәселе әлі шешілер емес. Бүгін прокуратура алдына жиналған салымшыларды облыстық прокурордың орынбасарының өзі қабылдап, сол жерге істітергеушілерге дейін шақыртыпты. Алайда полицейлер тергеу жұмыстары  бір жылдан әлі асқан жоқ деп отыр. Дегенменұзаққа созылып кеткенін мойындайды.

«Сотқа дейінгітергеп тексеру өндірісі осы жылдың мамыр айында басталды. Алайда оның ұзақуақыт тергелуі ол қылмыстық істің аса күрделілігі. Соңғы жәбірленуші қылмыстықіс бойынша 26-шы тамыз күні келді. Күннен күнгежәбірленушілердің саны өсіп жатыр. Сол себептентергеу созылып жатыр», —  дейді Ақтөбе қаласы полиция басқармасыбастығының тергеу жөніндегі орынбасары Әсет ҚАЛИЕВ.

Салымшыларданалаяқтықпен ақша жинады деген «Вест Хауз» кооперативініңдиректорының үстінен қозғалған істің баяу тергеліп жатқанын прокурорлар да біледі және бақылауда ұстап отыр екен. Сол үшінжақында ғана тергеушілерге қатысты тәртіптік жаза қолдану үшін полициядепартаментіне қаулы да жібердік дейді.


«Әрине бақылауда ұстап отырмыз. Нақтықылмыстық іс бойынша бізден екі рет нұсқау берілді. Және де осы созбалыққа салынғаны үшін тәртіптік жазақолдану үшін ішкі істер басқармасы атына қаулы қабылданды. Оныңқорытындысы жеті күннен кейін дайын болады», —  дейді  Ақтөбе облысы прокурорының орынбасары Бауыржан МЕНДЕБАЕВ.

Прокурорлардыңайтуынша тұрғындарды алдаған кооператив басшысы жүктіліктің сегізінші айында. Сондықтан қамауға алынбаған. Алтергеушілер жақын арада сараптама қорытындысы дайын болады. Сосын істі сотқажөнелтеміз деп отыр.

Фоталаравтордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04
  • Көлік қаққан балалардың құқы аяқ асты таптала бере ме?! (видео)
    29.11.2020, 10:26
  • Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
    28.11.2020, 17:05