Ақтөбеде Сапарбаевтың соңынан аялдамалары да кетіп жатыр

24.09.2019, 22:59

14

Елордаға Сапарбаевкеткен соң аялдамалары да аялдайтын емес.  

Ақтөбеде әкім ауыссааялдамалар да ауысады. Бердібек САПАРБАЕВ облыс әкімі қызметінен кеткенде соңынанкадрлары да ере кете бастады. Енді сол командаластарына салғызған аялдамалары дакетіп барады.

2019 жылдың 24 шілдесікүні облыс орталығына әкім болып тағайындалған Мавр АБДУЛЛИНГЕ Ақтөбенің экс-әкіміІлияс ИСПАНОВТЫҢ салып кеткен аялдамалары ұнамай қалған сияқты.

2019 жылы 6 млн, 2018жылы 63 млн теңгені Испанов мырза осы аялдамалар үшін иегеріп тастап еді. Қысқасы,Сапарбаевтың кезінде бір аялдаманың құны бірмиллион алты жүз мың  теңгеге шықты. Бастапқыда USB қондырғысы бар аялдамаларсалынды. Сосын олар әйнекті аялдамаларға ауыстырылды. Енді Мавр Абдуллин келержылы бюджеттен 79 млн теңге бөлуді жоспарлап отыр. Өйткені жаңа әкім ескіәкімнен асып түспек.  

Мавр ЕРҒАЛИҰЛЫ қыстажылы, жазда салқын болып тұратын жабық аялдамалар салмақшы. Жаңа аялдамадажарық, жылу, ауыз су, тіпті теледидарға дейін орнатамыз дейді. Алайдабюджетте  ақша жоқ деген әкімдіктегілерауыстырамыз деген 184 аялдаманың алғашқы сексенін жекеге жалға беріп,кәсіпкердің ақшасына салдыртпақшы екен.

«Әкім ауысса, аялдамалар да ауыса береді.  Дұрыс емес қой бұл. Тағы да бюджеттің ақшасы.Тағы да жаңа аялдамалар. Халықтың салығынан жиналған ақша шашыла беру керек пе?»,- дейді қала тұрғыны Сара ИСАЕВА.

Әкімдіктегілер қайта салынатын жаңа аялдамалдардың біреуінің құны қаншаболатынын әзірге білмейді. Жобасы енді дайындалып жатыр дейді. Алайда тек осыаялдамалардың құрылысы үшін  келер жылдыңбюджетінен тағы да 79 миллион теңге бөлуді жоспарлап отыр екен. Бір анығыАбдуллиннің аялдамаларының құны Испановтікінен асып кетпесе, кем түспейтінсияқты.

«Бүкіл қаланы өзгертеміз. Бірінші Әбілқайырхан, Молдағұлова даңғылдарынан бастаймыз. Қыста жылу берілетін аялдамаларболады. Жазда жүргіншілер кондиционердің астында тұрады. Ішеміз десе суы даболады. Телевизор көруге де болады. Маршруттардың кестесі қойылады. Мемлекеттіңақшасы жоқ. Бәрі жеке ақшалар», —  дейдіАқтөбе қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлім басшысыныңорынбасары Ислам ІЗБАСҚАН.

Жалпы, әкім ауыссааялдамалардың да ауысуы тек Ақтөбеге ғана тән емес. Алматы облысындағы «ЖасАЛАШ» тілшісі, әріптесім Ербол ІЛИЯСТЫҢ Баталовмырза, аялдама салу бәйгесі қашан аяқталады? атты мақаласы осындайда еске оралады екен. Айтпақшы,алдағы күні біз де Ақтөбедегі аялдамалар «хикаясын» толығырақ өзоқырмандарымызға ұсынатын боламыз.  

Фото автордікі.


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16