Ақтөбеде саяжайға автокөлікпен баруға рұқсат алғысы келетіндер кезекке тұрды

27.04.2020, 16:12

28

Ақтөбе қаласының төңірегіндегі саяжайға автокөлікпен баратын жүздеген тұрғын рұқсат қағазын алу үшін дүйсенбі, сәуірдің 27-сіне қала мектептеріне жиналды. Олар карантин кезінде саяжайға қатынауға құқық беретін құжатты үш күнде, 27-30 сәуір аралығында алып үлгеруі керек.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, саяжайларға тұрғындар таңғы сағат 6 мен 10 аралығында ғана жіберіледі. Қайтатын уақыт та шектеулі, 18:00 мен 20:00 аралығында үйіне жетіп үлгермегендер төтенше жағдай режимін бұзған адам ретінде жазалануы мүмкін.

Рұқсат қағазын алу үшін Ақтөбедегі №21 мектепке келіп, түске дейін кезегін күткен Николай Твердохлебов «билік саяжай иелерін сенделтіп қойды» деп санайды.

— Әрқайсымыздың қолымызда саяжай ұйымына мүше екенімізді растайтын билет бар. Сарсаңға салудың керегі не?- дейді Николай Твердохлебов.

Саяжай иелерінің бірі Людмила Васильева рұқсат қағазы көлік жүргізушісінен бөлек, сол отбасының екі адамына ғана берілетініне наразы. «Келінім және баламмен баратын болсам, немерелерімді қайда қалдырамын? Онсыз да бір ай бойы саяжайға бара алмай үйде отырдық. Топырақ кеуіп барады» деп алаңдайды зейнеткер.

-Автокөлігі бар саяжай иелеріне рұқсат қағаз қаланың 30 мектебінде беріліп жатыр. Біздің есебімізше, бұл жұмыс үш күнде аяқталуы керек. Бұл құжат автокөлігі жоқтарға қажет емес. Олар саяжайға жеті бағыт бойынша қатынайтын арнайы автобуспен бара алады. Велосипедпен де баруға болады. Бірақ көліктің қай түрі болса да белгіленген уақытта ғана жүреді, -дейді қала әкімдігінің өкілі Айгүл Байменова.

Қала әкімдігінің есебінше, Ақтөбеде 23 мыңға жуық саяжай иелері бар. Көктем шыға бау-бақша салатын тұрғындардың қанша пайызы саяжайына автокөлікпен баратыны белгісіз.

Қала мектептеріне рұқсат қағазын алу үшін жиналған жұртқа әкімдік өкілдері топтаспай тұруды ескертті, бірақ жүздеген адам жиналған мектептерде ол мүмкін болмады.

Қазақстан коронавирусқа байланысты 16 наурыздан бастап төтенше жағдай жариялаған. Ақтөбе қаласында 6 сәуірден бастап карантин енгізілген. Соңғы мәлімет бойынша, коронавирус жұқтырғандар Ақтөбе облысында 55 адамға жеткен.

27 сәуірдің 18:05-тегі мәліметке қарағанда, Қазақстанда 2835 адамнан коронавирус анықталып, 696 адам дерттен айыққан және 25 адам қайтыс болған.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    28.11.2020, 16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    28.11.2020, 13:30
  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    27.11.2020, 09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16