Ақтөбеде Тоқаевтың тапсырмасы қашан орындалады?

26.06.2019, 13:21

39

Ақтөбедеаптап ыстықта ауыз суға зар болған тұрғындар шу көтерді.  Қала іргесіндегі Ақжар ауылыныңтұрғындары  жаз шыққалы мұнда судысағаттап беретін айтады. Соңғы бір аптада оны да мүлдем доғарыпты. Аләкімдіктегілер ауылға тартылған су қорының жетпейтінін мойындап отыр.

Оқи отырыңыздар: Ақтөбеніңұйқышыл әкімі орнынан кетті

Ақжарауылының тұрғыны Самал ТӘЖІҚҰЛОВА үйіндегі су ағатын бұранданың қаңсыптұрғанына бір айдай болғанын айтады. Суды көрші ауылдағы бұлақтан күйеуі күндекөлікпен тасиды екен.

«Міне, бір айдан бері су жоқ. Ақтөбе қаласыныңіргесінде тұрып ауыз суға зармыз. Үйдегі ыдыстардың барлығы бос. Күн ол ыстық.21 ғасырда тұрып өркениеттен жырақ өмір сүріп жатырмыз»,- деді ақжарлық тұрғын.

Қазірбұл ауылдың көшесінде пластик құтымен су сұрап жүргендер жиі ұшырасады.Тіршілік нәрін тасып берер адамы жоқ қарттар үшін жағдай тіптен ауыр.  

«Банкімен түнімен күзеттік алма-кезек. Жаңа сағатжетіде құттай бірнәрсе тамшылатып ақты. Соны банкіге құйып алдық. Тағы жабылыпқалды. Суды әуелі әжетханадан аңдып құйып алатын болдық», — дейді Ақайша ЖОЛДАСОВА.

Шөлдегенжұрттың наразылығына Ақтөбенің күні кеше тағайындалған  су жаңа әкімінің өзі келді. Алғашқы жұмыскүнінде ақжарлықтармен кездескен ол алдымен осы мәселені шешемін деп отыр. Оныңсөзінше, ауылдағы су жинайтын мұнара мың жарым шаңыраққа арналған. Бірақ халықсаны одан екі есеге өсіп кетіп отыр.


«Бізге судың қорын анықтап береді. Соған қандай қосымшанасос қолдануымыз керек. Соның бәрін қазір міне  Ақбұлақтың мамандары анықтап, жұмыс жасапжатыр. Сол бойынша біз барынша жұмыс жасаймыз», —  деді Ақтөбе қаласының әкімі Мавр АБДУЛЛИН.

Тұрғындарсу мәселесі шешілмесе халықтың ауылдан безіп кететін айтады. Қазір кір-қоңыжуылмақ түгілі, алыстан су тасуға дәрмен қалмаған.

Оқи отырыңыздар: Министр6 миллиардттық жобаны тоқтатты

Айтпақшы,президент болып сайланған Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ 12 маусым күні халықтың өмірсапасын жақсарту керектігін айтқан еді. Әрбір ұйде ауыз су болу керектігіннықтап айтқан еді. Мемлекет басшысы сәуір айында Нұр-Сұлтан қаласының маңындағыҚосшыдағы ауыз су мәселесіне тікелей өзі араласқан еді. Ақжарлықтар дапрезиденттің осы мәселеге араласуын күтеді.

Фотолар автордікі.


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42