Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:03, 03 Тамыз 2023

Ақтөбеде жасөспірім үш адамды көлікпен қағып кетті

None
None

Ақтөбе облысында кәмелетке толмаған жеткіншек көлікпен үш адамды қағып кетті. Бір бүлдіршін көз жұмды.

  

Оқиға 2 тамыз күні кешкі сағат 21:30 шамасында Мәртөк ауданы Сарыжар ауылында болған.

— Әйтеке би көшесімен келе жатқан «ВАЗ-21140» көлігінің 17 жастағы жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан 28 жастағы жаяу жүргінші мен екі баланы қағып кетті.

Оқиға салдарынан 3 жасар бала жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Тағы екі жаяу жүргінші Ақтөбе ауруханасына жатқызылды, — деп хабарлады polisia.kz сайты. 

Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Тегтер: