Ақтөбеде жедел жәрдем қызметкерлері үстемақының толық төленбегеніне наразы

15.05.2020, 19:19

6

15 мамыр күні Ақтөбе облыстық жедел жәрдем бекетінің қызметкерлері «үстемақы толық төленбеді» деп наразылық жиынын өткізді. Олардың айтуынша, бекет басшылары уәде етілген 100 мың теңге үстемақының орнына 34 мың теңгеден төлеген.

— Сәуірдің соңында қолымызға 34 мың теңгеден үстемақы тиді. Құжаттарда әрқайсымызға 43 мыңнан берілді деп көрсетіліпті. Он мыңға жуығын міндетті төлемдер үшін ұстаған. Сыйақыдан салық ұсталушы ма еді?! Қалған төлемді «11 мамырға дейін береміз» деп алдарқатып келді. Бүгін — 15 мамыр. Күн сайын басымызды қатерге тігіп жүргендіктен үстемақыны толық төлеуді талап етеміз, — дейді жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Бауыржан Исмаилов.

Тағы бір жүргізуші Арман Құлымбетов «арнайы жасақталған бригадалардың жүктемесі көбейіп кеткен күндері коронавируспен күреске біз де жұмыламыз» дейді.

Ақтөбедегі жедел жәрдем қызметкерлерінің наразылығы. 15 мамыр 2020 жыл. /> Ақтөбедегі жедел жәрдем қызметкерлерінің наразылығы. 15 мамыр 2020 жыл.

— Арнайы жасақталған бригадалар ғана емес, біз де күн сайын қауіп-қатер ортасында жүрміз. Оның үстіне бізге қорғаныш костюмі берілмейді. Алатынымыз — тәулігіне төрт маска. Мына костюмнің сыртында «одноразовый» (бір реттік) деп жазылған. Бір айдан бері берілгені осы бір түйір костюм ғана, — дейді Арман Құлымбетов.

Облыстық жедел жәрдем бекетінің бас дәрігері Марат Жанқұлов қызметкерлерінің сөзін жоққа шығарып, «күніне әр адамға 8 маска беріледі, қорғаныш костюмдерін де жиі ауыстырамыз» деген еді. Наразы топ «олай емес» деп бас дәрігерді сөйлетпей қойды.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің сөзіне қарағанда, медицина мекемелерінде костюм мен маска тапшылығы жоқ. «Жедел жәрдем қызметкерлерінің неліктен тәулігіне төрт маскамен шектеліп отырғанын тексереміз» деді.

— Облыста коронавируспен күрес үшін арнайы жабдықталған 24 бригада бар. Олар тиісті төлемді республика бюджетінен үзбей алып отыр. Қалған 28 бригадаға ауру жұқтыру қаупі жоқ дей алмаймыз. Сондықтан оларды қолдап, облыс бюджетінен 100 мың теңгеден береміз дегеніміз рас. Бірақ бірден емес, бөліп береміз. Өйткені, елдегі экономикалық ахуал күрделі, – дейді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Әсет Қалиев.

Жедел жәрдем қызметкерлерінің наразылығын полиция сырттай бақылап тұрды. Бірнеше рет «тараңдар» деп ескерту жасады. Шамамен бір-екі сағаттан соң жиналған топ тарады.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, наурыз айының соңында жедел жәрдем бекеті қызметкерлерін қолдау үшін облыс бюджетінен 24 млн теңге бөлінген. Жуырда тағы 31 млн теңге бөлінуі керек.

/* Instagram*/ #gr-961-i { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-i img { width:130px; } #gr-961-i:hover { outline:2px solid #d93175; } #gr-961-i .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-i span { color: #d93175; } #gr-961-i p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34