Ақтөбеде жетпіс төрт жастағы педофил ұсталды

04.06.2019, 03:03

5

Ақтөбедетапатал түсте бес жасар қызды зорламақ болған педофил ұсталды. Жасы сексенгетаяған күдікті кішкентай қызды тәттімен алдап көп қабатты үйлердің бірініңартына апарып жаман ойын әске асырмақ болған. Абырой болғанда сол жердегітұрғындардың бірі көріп, кішкентай қызды арашалап қалған.

Әлеуметтікжеліде лезде тараған видеода кішкентай қызды арашалап алған куәгерлердіңайқайлап жатқанын көруге болады.Әп сәтте дүйім елді шошытқан оқиға Ақтөбедегі жаңадан бой көтерген «Нұр сити»ықшам ауданында болды.

«Куәгер машинаменкетіп бара жатып аркадан көріп қалған. Ана кісінің қыз баланы ұстап тұрғанын.Содан кейін мен де бардым. Бірден  таныслифтерді шақырдым. Үшеуміз сосын ұстап алдық. Үйден шығып келе жатқан біржігітке полиция шақыр дедік. Басқа да көрген адамдар бар», — дейді  Ақтоты БОТАШЕВА.

Тұрғындардыңайтуынша, бұл оқиғаға дейін де осы ауданда ақбас шалдың ойнап жүрген балаларғакеліп, тәттімен алдап, үйіне шақыратынын естіп жүрген. Алайда балаларыныңсөзіне мән бермеген тұрғындар дәл бүгінгідей жағдайдың куәсі боламыз депойламадық дейді.  Қазір бес жастағы қызғазорлық көрсетпекші болды деген  жетпістөрт жастағы тұрғын қамауға алынды.                                                          

«Полция бөліміне № 30-шыбасқару компаниясының жұмысшылары телефон арқылы хабарласып, кәмілеттік жасқатолмаған қыз балаға тиісіп жатқан ер кісіні ұстағандары туралы хабарлама келіптүсті. Сол жерге полиция қызметкерлері барып 1945 жылы дүниеге келген қалатұрғынын полиция бөліміне жеткізді», — деді Ақтөбе облыстық полициядепартаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат САРҚҰЛОВ.

Қазіркүдіктінің үстінен ҚР ҚК 124-ші бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқадейінгі тергеу басталды. Бұдан өзге ақпарат жариялауға жатпайды деген полицейлероқиғаға куәгерлердің бәрі тергеліп, полиция бөлімшесінде түсінік беріп жатқанын айтады.

 Фото: azlenta.kz                                                                                               


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39