Ақтөбеде жүздеген жұмысшы жалақыларын ала алмай жүр

07.02.2019, 22:01

26

Олардың барлығы — Шалқар ауданындағы Бершігүр кенорнында қиыршық тас шығаратын зауыттың жұмысшылары. Кәсіпорын «Жаңатас Ақтөбе» ЖШС-не тиесілі. Жұмысшылардың айтуынша, маусым айынан бері маңдай терімен тапқан ақшаларын даулап жүр.«Мен былтырғы жылдың маусым айынан бері ақша алып көрмедім. Менің өзіме ғана осы «Жаңатас Ақтөбе» 465 мың теңге берешек. Одан бөлек, зейнетақы қорыма көк тиын төлемепті. Оны да осы былық басталғанда білдік. Осы уақытқа дейінгі аударылды деген ақша қайда кеткенін білмеймін. Өзі Қазақстандағы компания, сонда бұған шара қолданатын ешкім болмағаны ма? Сотқа шағымдандық, төлесін деді берешекті. Бірақ түк нәтиже жоқ!», — дейді зауытта жүргізуші-экспедитор болып жұмыс жасайтын Мұрат МІНАЙДАРОВ.Айлығын ала алмай жүрген жалғыз Мұрат емес. 104 әріптесінің осындай күйде жүргенін айтады. Серіктестіктің әр жұмысшыға қарысы жарты миллионнан бастап 2,5 млн теңгеге дейін жеткен. Он шақты адам сотқа арызданған. Соның дәлелі ретінде қолдарында соттың шешімі, тағы бірнеше құжаттары жүр. Бірақ, қазір серіктестік сот шешімімен келіспейтіндіктерін айтып, қарсы шағым түсіріп жатқандарын айтты.«Еңбек департаментіне арыздандық. Олар тоқетерін айтты, біздің қолымыздан басқа ештеңе келмейді, айыппұл салдық деді. Соттың шешімінде ақшаларын беріңдер уақытында деген. Бірақ, шешім шыққаны сол екен, «Жаңатас Ақтөбе» келіспейміз деп арызданыпты. Енді қазір зауыт консервацияда тұр. «Жаңатас Ақтөбенің» есеп-шоттары жабық, арестте. Бірақ, олар қол қусырып қарап отырған жоқ, қиыршықтасты сатып алатындармен үш жақты келісім жасап, ақшаны «Теміртас Ақтөбеге» аудартып жатыр. Менде барлық қағаздары бар қолымда. Соған қарап есептей беріңіз, күніне 20 мың тонна өнім сатады. Оның орташа бағасы- 1500 теңгеден», — дейді ашынған Төлеу ЖАНДУЛЛИН. Төлеу Жандуллин зауытта 2015 жылдан бері жұмыс істеген. Қазіргі күні кәсіпорынның 2,5 млн теңге берешек екенін айтып отыр. Ашынған бір топ жұмысшы облыстық әкімдікке барды. Ондағылар мән-жайдан хабардар болып шықты.«Арнайы топ шақырылып мәселе талқыланды. Біз бүгіннен бастап серіктестік басшылығына «уведомление» беріп, бүгінде қолында бар контрактыны бұзып, бұздырғаннан кейін жаңа инвесторлар тартамыз. Содан соң оларға бірінші кезекте жұмысшылар алдындағы жалақы жөнінен берешекті өтеуін сұрайтын боламыз»,- деді облыс басшысының орынбасары Қайрат БЕКЕНОВ.Фотолар автордікі.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04
  • Көлік қаққан балалардың құқы аяқ асты таптала бере ме?! (видео)
    29.11.2020, 10:26
  • Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
    28.11.2020, 17:05
  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09