Ақтөбедегі хром зауытында 4 жұмысшы қаза болды. Екі жұмысшының халі өте ауыр

28.05.2020, 17:29

21

28 мамыр күні Ақтөбе хром қосындылары зауытындағы жұмыс барысында төрт жұмысшы қаза тауып, екеуі ауруханаға түсті. Ақтөбедегі жедел жәрдем ауруханасында жатқан екі жұмысшының жағдайы өте ауыр. Бұл туралы Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Оқыс оқиға түс ауа хром қосындылары зауытының №4 цехында болған.

«Алдын ала тергеу цех жұмысшыларының көлемі 50 текше метрлік бакты тазалап жатқан кезде қаза болғанын анықтады. Өндірісте қолданылатын бактағы ақауды жөндеу үшін ішіне алдымен бір жұмысшы, соңынан тағы үшеуі түсіп, қаза болған. Аталмыш факт бойынша „Абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан қауіпсіздік техникасының бұзылуы“ бабымен қылмыстық іс қозғалды» деді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің басшысы Арыстан Атығай.

Ауруханада жатқан екі жұмысшының да беті, мойны мен қол-аяғы күйген. Тыныс алу жолдары бүлініп, күйіктен шок алған. Ауруханаға өте ауыр халде жатқан жұмысшылардың бірі — 32 жаста, енді бірі – 36 жаста.

Хром қосындыларын — натрий монохроматы, натрий бихроматы, хром ангидриді, хром тотығы, хром малмасы және күкіртті натрий — өндіретін зауыт Ақтөбе қаласы аумағында орналасқан. Өнімі әлемнің отыздан астам еліне шығарылатын үлкен кәсіпорын.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    13:04
  • Көлік қаққан балалардың құқы аяқ асты таптала бере ме?! (видео)
    29.11.2020, 10:26
  • Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
    28.11.2020, 17:05
  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09