Ақтөбедегі Назарбаев саябағы қараусыз қалды

14.11.2019, 19:48

3

Ақтөбедегі 42 гектар жерді алып жатқан НұрсұлтанНАЗАРБАЕВ атындағы саябақты бір-ақ адам күзетеді. Оны тазалайтын және күтетінбірде-бір жұмысшы жоқ. Ауыздарынан Назарбаев есімін тастамайтын ОңдасынОРАЗАЛИН, Мавр АБДУЛЛИН бастаған шенділер қаладағы ең үлкен саябақты өздерікүтіп баға ма екен?

Ақтөбеде тұңғыш президент Н. НАЗАРБАЕВ атындағыжалғыз саябақтың жұмысшылары екі айдан бері айлықтарын ала алмай жүр. Олар әкімдіктен саябақты сенімгерлік басқаруғаалған «Нұрлы парк» мекемесінің басшысын таба алмай жүр. Ол аздай жұмыс беруші жиырма екі жұмысшысын бірдей жаңа жылға дейінақысыз демалысқа жіберіпті. Айлықсыз және жұмыссыз қалған жұрт еңбекинспекциясына арызданыпты.

Еңбекақыларын даулап жүрген жұмысшылар Ақтөбедегі Н.Назарбаевтың атындағы саябақтың тазалығы мен күзетіне жауаптылар. Паркжергілікті әкімдікке қарағанда олардың қатарында жүз адам болған екен. Жекегеөткесін азая берген. Айына табатындары бар-жоғы елу-ақ мың теңге.

«Әкімдік ақша бермейміздейді. Біздің директор қашып жүр. Қаланың ортасындағы президент атындағы паркқараусыз қалып отыр. Біз де ешкімге керексіз боп қалдық. Ешкімге керекемеспіз. Жаңа жылға дейін ақысыздемалысқа жіберді. Жаңа жылдан кейін тағы не болатынын құдай білсін», — дейді осы саябақта он жыл бойы сыпырушы болыпжұмыс істейтін Самат ҚАЛЕНБАЕВ. 

Жұмысшылар басшылық бұған дейін де төрт айдың айлығын қан қақсатып, кешіктіріп төлегендерінжәне сол жағдай қайта қайталанып отырғанынайтады. Сөздерінше саябақ қазір демалыс орны емес, базарға айналған.

«Саябақ қазір  барахолка боп кетті. Жазда мына жердевелосипед, адам жүретін жер жоқ. Қанша камок тұр. Соның ақшасы қайда кетіпжатыр? Әкімдік қайда қарайды? Салықкомитеті қайда қарап отыр? Біздің айлықты содан төлеуге болады ғой. Еңбек мүлдембағаланбайды. Елу мың айлық қазір ақша ма?», — дейді жұмысшы Қуаныш ҚАРАСТОВ.

Бір қызығы әкімдіктегілер саябақтың ішіндегі жалғаберілетін жерлерден де одан келетінқаражаттың кімнің қалтасына түсіп жатқанынан да хабарсызбыз деп отыр. Жұмысшылардыңеңбек ақысын саябақты сенімгерлік басқаруға алған жеке компания төлеу керекдейді. Айтуларынша әкімдіктің оған да қатысы жоқ. Еңбек инспекциясы болсажұмысшыларына айлық төлегісі келмейтін «Нұрлы Парк» деп аталатын мекеменің үстінен бір жылда үш рет ұжымдық хат түскенін айтады. Алайда соңғы арыз бойыншамекеменің жұмысшылар алдындағы қарызын әлі санап біткен жоқпыз дейді.

«Он тоғыз адамнан тағыда арыз түсті. Ол екі айдың ақшасын төлемеген. Қыркүйек пен қазан айының.Бастығымен кездестік, әлі ақша болмай жатыр. Ақша таба алмай жатырмыз дейді.Жұмыс беруші болған соң өзінде қор болу керек еді. Жұмысшылардың еш кінәсі жоқ.Олар қызметін атқарды. Олардың жалақысын келесі айдың 10-на дейін беріп болукерек. Толық көлемде. Бұл бір емес бірнеше рет осылай боп тұр.  Алдында да айыппұл салынды. Қазір енді бұлжолы қалай боларын әлі білмеймін»,- дейді Ақтөбе облыстық еңбек  инспекциясы жөніндегі басқармасы еңбекзаңнамаларын қадағалау бөлімінің басшысы Талғат ЕСҚАРИН.

Еңбек инспекциясындағылар «Нұрлы Парк» мекемесініңжұмысшылар алдындағы бұған дейінгіберешегі екі миллионнан теңгеден асқанын айтады. Кешіктіріп болса да төлетіпті.

Ақтөбедегі ең ірі саябақтардың бірі саналатын бұлжерге жергілікті әкімдік он жыл бұрын күрделі жөндеу жүргізіліп, тұңғыш президенттің саябағы деген атау берілген. Жұмысшылар саябақ жекенің қолына өткеннен кейін жағдайы нашарлады дейді. Сөздерінше қазір мұнда бір күзетшіден басқа жұмысшы қалмапты.

Фото автордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34