Ақтөбелік 600 оқушының арманы – жаңа мектеп

16.08.2019, 03:25

11

Ақтөбенің тап іргесіндегі Ақжар-1 ауылы екіжылдан бері бала оқытатын бір мектепке зар болып тұр.  Тұрғындар әкімдіктегілер  орнына жаңасын салып береміз деп ауылдағыескі мектепті жауып кеткендеріне  екі жылөткенін айтады.  Алайда, жергіліктібиліктің үйіп төккен уәдесі әлі орындалмаған. «Содан бері сандалған 600 бала қысы-жазы жақын маңдағы мектептергеқаңғып жүр» дейді ауыл тұрғындары.

– Әкімніңалдынан өттік. Үш төрт шал бардық. Ешнәрсе келістірмеді. Сонымен жабулы қазанжабулы күйінде қалды. Бір жиналыста айтты. Ляззат Оразбаева да бар. –Аға,–деді, – биыл амандық болса сендерге мектеп салып береміз. Ақшасы дайын, –  деді. Содан бері аумин. Жоқ. Күні осы уақытқа дейін келе жатырмыз. Балаларымызқаңғып жүр, –  дейді ауыл тұрғыны Қауаш ОТАРБАЕВ.

«ЖасАлаштың»осы өңірдегі тілшісіне түсініктеме берген жергілікті шенділерАқжар-1-дегі мектеп мәселесін білетіндерін, оны шешіп тастайын десе,республикалық бюджеттен үмітті қаржыны таусылмай күтіп жүргендерін айтады. 

–Бүгінде  ол жерге 320 орындық мектеп салужоспарда. Құжаттары дайын. Тек қаржыландыруды күтіп жүрміз. Жоспарға сай бәрідайын болса, келесі жылы бастаймыз,– дейді Ақтөбе қаласы Алматы ауданы әкімініңорынбасары Алтынбек ӘЛЖАНОВ.

Дегенмен, жергілікті тұрғындардың кейбірібасшылық тарапынан айтылатын мұндай уәделі сөздерге сенуден қалған.

– Алдапотыр.  «Ана жерге құйды», «мына жергеқұйдық фундаментті» деп. Қайда фундаменті? Сексендегі шалды селкілдеткен ұятемес пе? Әкім неге осы жерге келіп айтпайды? 150 орындық мектеп салынады деді?Қайда? Күткенімізге биыл үшінші жыл. Егер әкімдер қимылдамаса, мына жолдыжаптырамыз,–  дейді «Жас Алаш» тілшісінеЗада ЕШЕКЕНОВА.

Әкімдік қызметкерлерінің уәждеріне қарағанда,бұрынғы төрт сыныптық бастауыш мектепті ғимараты ескі және тар болғандықтанжауып тастапты.   Алайда, екі жыл өтсе дежаңа мектептің құрылысын әлі бастамаған. Тіпті, салынуы тиіс жаңа мектептіңсметалық жобасының қаржысын да толық бекітпген болып тұр.

Фотоавтордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39