Ақтөбелік мұнайшылар қытай компаниясымен соттасып жатыр

12.08.2019, 16:01

33

Ақтөбеде қытайлық мұнай компаниясыныңжұмысшылары жалақыларына қоса төленуге тиіс экологиялық үстемақыларын алтыжылдан бері өндіре алмай жүр. Алты жыл бұрын бекітілген ұжымдық келісім-шартбойынша айлықтарына экологиялық ахуалға қатысты қосымша 20 пайыз ақша төленуікерек. Бірақ сол уақыттан бері бір тиын да өтемеген. Қазақстанның заңынбелшеден басқан қытайлық мекеме жұмысшылардың әр қайсысына кем дегенде миллионтеңгеден қарыз. Бұл туралы өңірдегі «ЖасАЛАШ»тілшісі Жанар ҚОЖАНОВА хабарлайды.

Ақтөбеде елуден аса мұнайшы «SagizPetroleum Company» компаниясын сотқа берді. Жұмысшылардың еңбекақыларынақосылатын экологиялық үстемақыны даулап жүргендеріне бір жыл болыпты. Бармағанжеріміз жоқ дейді. Тіпті облыстық еңбек инспекциясына да бірнеше ретарызданған. Алайда көмек болмапты. Сөздерінше ірі қытайлық мұнай компаниясыжұмысшыларына экологиялық үстем ақыны төлемей отырғанына аттай алты жылболған. 

«Компания бізге 2013 жылданбастап 2018 аралығындағы экология үшін берілетін 20% ақшаны төлемей отыр. Кенорны қай жерде тұр сол үшін төлену керек еді бізге. Байғанин аймағында ма, яғнибізге жиырма пайыз төлену тиіс. Соны төлемей отыр. Экологиялық зардабы тиіпжатыр. Сероводород бар. Вибрация, «шуммен» жұмыс жасаймыз. Үлкен цехтар. Үлкен құрылғылар»,-  дейді Sagiz Petroleum Company» ЖШС қызметкері Аймұрат ТӨРЕМҰРАТОВ.

Сотқа шағымданған жұмысшыларғакомпанияның қарызы ең аз дегенде миллионнан басталады. Миллион мен үш, үш жарыммиллионның арасы. «Біздің талабымыз заңды.Заң бойынша өзіміздің ақшамызды толық алу» дейді Sagiz Petroleum Company» ЖШС-ныңтағы бір қызметкері Рустам БАҚЫТЖАНОВ.



Қытайлық мұнай компаниясымен соттасыпжатқан жұмысшыларды қарсы жақ медиациялық келісімге шақырып жатыр екен. Алайдаалты жылдық төленбеген үстемақының мөлшерін тиынға санап отыр дейді жұмысшылар. «ЖасАЛАШ»тілшісі шетелдік компания басшылығымен сөйлесуге ықласты еді. Әйтседеолар қандайда бір түсінік беруден бас тартты.

Мұнайшылардан бір білгеніміз жұмысберушілері олардың сыртынан алты жылда екі рет ұжымдық шартқа өзгерісенгізіпті. Екеуі де осы дауға айналған экологиялық төлемге  қатысты.

Фотолар автордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    13:04
  • Көлік қаққан балалардың құқы аяқ асты таптала бере ме?! (видео)
    29.11.2020, 10:26
  • Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
    28.11.2020, 17:05
  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09