Ақтөбелік мұнайшылар: Қытайлық компания жалақыны көбейтсін

11.10.2019, 19:20

27

БүгінАқтөбеде қытайлық «Восток нефть» сервистік қызмет көрсететін компаниясыныңмұнайшылары бұрғылау жұмысын тоқтатып тастады. Таң атысымен компанияғимаратының алдына жүзге тарта жұмысшылар жиналды. Олардың талабы айлықтарынелу пайызға көтеру.

«Талапбымыз айлықты елу пайызға көтерсін. Басқа ешқандай өтінішімізжоқ,  ешнәрсе бүлдіріп жатқан жоқпыз.Ештеңе сындырып жатқан жоқпыз. Жұмысымыз ауыр. Шахтадан кейінгі ауыр жұмыстыжасап отырмыз. Біздер айына  тоқсан мыңаламыз. Кейде қолға 120 мың тиеді. Бұл ақша неге жетеді? Қазір бәрі қымбат», — дейді «Восток Нефть» сервистік компаниясының жұмысшысы Нұрлан ШАХИН.

Жұмысшалыросыдан тура бір ай бұрын ғана талаптарын басшылары мен әкімдікке дейінжеткізген. Алайда сөздерін ешкім құлаққа ілмеген. Содан кейін мұнайшылар бүгінбұрғылау жұмыстарын тоқтатып, енді айлықты көтермейінше жұмысқа шықпаймыз депотыр.


Оқи отырыңыздар: Қытайазаматтарымен төбелескен жігіттер екі айға қамалды

Наразылыққашыққан мұнайшылармен кездесуге облыс әкімінің орынбасарынан бастап, еңбекинспекторлары мен құқық қорғау органдарының өкілдері де келді. Шенеуніктерқытайлық инвесторлармен жұмысшылардың жалақысын жиырма пайызға, алинженерлердікін сегіз пайызға өсіруге ғана келісімге келгендерін айтады.

«Бұлардың мекемесі сервистік компания. Сервистік компанияболғаннан кейін табыстарыңыз сервиске байланысты. Дәл қазіргі жағдайда 20пайыздан артық еңбекақыны көтеруге мүмкіндігі жоқ», —  дейді Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары ҚайратБЕКЕНОВ.

Қазіраталған қытай компаниясында 1300 жұмысшы бар. Оның 109 қытайлық азаматтар. Орташажалақы мөлшері шамамен 220 мың теңге. Екі ел азаматтарының жалақысындаайырмашылық жоқ дейді компания өкілдері.

Оқи отырыңыздар: «Екіінімді полиция ұстап алып кетті»

Қытайлықмұнай компаниясының бас директоры Чжан Баоцзюньжиналған наразы топқа кеңсесінен әреңшықты.  Ол қара алтын бұрғылаудан түкпайда таппай, мекемесінің әрең күнелтіп отырғанын айтады. Бірақ бұғанмұнайшылардың сенгісі жоқ. Сөздерінше талаптары толық орындалмайынша мұнайшыларалған бетімізден қайтпаймыз деп отыр.


Фотолар автордікі.


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Жалт етіп сөнген бір жасын
    27.10.2020, 09:53
  • Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
    26.10.2020, 10:04
  • Қымбатқа түскен «ноу-хау»
    22.10.2020, 10:52
  • Д. Ахметов: «Азаматтың қазасына себепкерлер жазасыз қалмайды»
    22.10.2020, 09:42
  • Мырзан Кенжебай: Менің атымды жамылған кім?
    20.10.2020, 14:28