Ақтөбелік қыз Сапарбаевты күтіп жүр

30.05.2019, 05:08

2

Ақтөбеде бес айданбері Бердібек Сапарбаевтан хабар күткен Нарқыз ИСИМОВА Ақтөбенің бұрынғы әкімісөзінде тұрмады деп налып отыр. Сөзінше САПАРБАЕВ аяғын емдетуүшін тек шет елде жасалатын отаға ақша жинап беремін деп уәде еткен. Алайдаарада жарты жыл өтсе де Нарқыз министр болып кеткен Сапарбаевтан күдерін әлі деүзбей күтіп жүр.   

Нарқыз жаңа жылда үйіне Ақтөбенің әкімі Бердібек Сапарбаевқұттықтап келгенде қуанымышымда шек болмады дейді. «Сол кездеменің ішкі сырым мен армандарымды асықпай тыңдаған экс әкім аяғымды ұзарту үшінжасалатын отаға көмектесемін деп уәдесін беріп кетті», дейді сол кезді есіне алып. Нарқыз содан бері бір күн де үмітін үзбейСапарбаевтан хабар күтіп жүргенін айтады. Тіпті Ақтөбеден Елорда жаққа кеткен министрдің суретін бөлмесіне сақтап қойған.

— Жаңа жылдың қарсаңы болды. Мені құттықтап келді. Сол кездемен өзімнің ішімдегі жиналып қалған сырымды айттым. Бердібек Сапарбаев осыарманыңа жету үшін жәймендеп қадам жасап беремін деп уәде берді. Сол уәдесі әліменің ішімде. Сол уәдесін күтіп отырмын, — дейді Нарқыз Исимова.

Қазір жасы 18-гетолған Нарқыздың диагонызы туа біткен хондродистрофия. Яғни аяқ қолдарыныңқысқаруы. Бұған дейін Украинаеліне барып қолын емдетіпкелген. Енді аяғын ұзартып, бойын ең болмаса бір метр қырық сантимерге дейінөсірткіміз келеді дейді анасы. Ол үшін кем дегенде отаның өзіне алты-жеті мыңАҚШ доллары қажет екен.

— Машбековичтің өзі келді бізге. Өте қуанышты болдық. Баламмықты бақытты болды. Баламды тыңдады. Бәрін түсінді. Айтты, қолымнан не келедімен жәрдем беремін деп. Бірақ,мен ешкімге борыш тақпаймын,ол обьязандеп. Тек ойлаймын, енді олкісі айтқан соң мыннан бір  жәрдем болардеп. Менің балама көмек керек. Мен сұрап жатқан жоқпын миллион бер деп. Тиындапберсе де риазмын, меніңжолымның өзіне үш жүз мың керек, -дейді Нарқыздың анасы Зина ӨТЕБАЕВА.

Сапарбаевтың уәдесінен кейін әкімшіліктен хат келген. ОндаНарқызға материалдық көмек көрсетумүмкіндіктері қарастырылыпжатқаны жазылған.

«ҚРДенсаулықсақтау министрлігі жұмыс органына шет елге емге жолдауға ұсыныс берудісұрап «Ана мен бала» ұлттық ғылыми орталығына және өңірдің ірі кәсіпорынбасшыларына Сізге материалдық көмек көрсету мүмкіндігін қарастыру туралы хатжолдағанын хабарлайды. Оң шешім қабылданған жағдайда Сізге қосымша хабарланатынболады», делінген облысәкімінің орынбасары Марат ТОҚЖАНОВТАНкелген хатта.

Сапарбаевтың тапсырмасын денсаулықсақтау басқармасы да алдықдеп отыр. Сөздерінше қазір жан жақты жұмыс істеп жатқан көрінеді.

-  Ол тапсырманы бізалдық. Сол себептен оныАстанаға консультацияға жіберіп отырмыз. Қашан операцияның керек екенін шешуге.Шешімі июньде, рентгеннен кейін қашан операция жасалады, қай жерде жасалады шешімінқабылдаймыз. Сол шешім бойынша операция жасалады, — дейді Ақтөбеоблысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана ЕСЕНАМАНОВА.

Қазір Нарқыздың анасы шет елде жасалатын отаға ақша жинапжатқанын айтады. Қажетті қаражат жиналса Украинаға бармақшы. АлНарқыз өзіне уәде беріп кеткен Бердібек Сапарбаевтан әлі де болса хабар күтіпжүр.

Фотоларды автор ұсынды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

11.08.2020, 13:22
Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар
07.08.2020, 12:39
Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ
06.08.2020, 13:36
«Біздің әкім белсенді»
04.08.2020, 13:05
Диқандар неге ашулы?
30.07.2020, 13:14
«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті
29.07.2020, 13:57
Алматыда құрбандыққа шалынған мал етін мұқтаж жандарға жеткізу ұйымдастырылады

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04