Ақтөбеліктер қоқыстан темір теріп жүр

07.05.2019, 23:38

22

Ақтөбедегі «Оңтүстік-батыс» және жаңадан салыныпшатқан «Батыс-2» шағын ауданындағы ескі қоқыс полигоны жұмыссыздардың жұмысорнына айналған.

Бір айдан бері ақтөбеліктер қоршаусыз жатқан ескіполигоннан түрлі-түсті темір іздеп, жерге көмілген қоқысты қазып жатыр. Күнсайын ол жаққа ондаған адам барады. Жұмыстың жоқтығынан осылай отбасын асырапжүрміз дейді. Таңнан кешке дейін қолмен қазып алған темір-терсектерінен екі-үшмың теңге пайда көреді екен. Алайда онколог мамандар жердің астына көмілгенқоқыс қайта қазылмау керек деп дабыл қағып отыр. Айтуларынша, сол арқылы ауағаулы зат тарап, обыр ауруын күшейтіп жіберуі мүмкін.

Өңірдегі«Жас АЛАШ» тілшісі ақтөбеліктердің жаңа жұмыс орнына барып, ондағылармен сөйлескенеді.

«Күнібойы тапқан темірлерді тапсырамыз. Ақша қыламыз. Таңертеңнен кешке дейін екі-үшмың теңге табамыз. Мусор ғой, көріп тұрсыз. Мынаның ішінде не болады депойлайсыз? Алтын шықпайды, күміс шықпайды. Мұнай шығатын еді, оны да қытайларалып жатыр. Қазақтар дым ала алмайды, мусордан басқа», —  дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны Айдос СӘРСЕНБАЕВ.

Эколог мамандар қазір ескі қоқыс полигонынан ауағатарайтын зиянды зат жоқ деп отыр. Айтуларына қарағанда, улы заттар баяғыда ақкөміліп, жойылған. Ал, онколог дәрігерлер экологтардың бұл пікірімен мүлдемкеліспейді.

«Ауруғасебептердің бірі экологиялық фактор. Сол экологиялық фактордың бірі осы ауаныңластануы болып табылады. Жердің астына көмілген зат ашылған кезде ол ыдырауыболатын улы, уытты заттар, жартылай ыдыраған өнімдердің бәрі жердің бетінешығып, ауа ластанады. Соның салдарынан адамның организміне түседі. Обыр ауруынқоздыруы да мүмкін», — деді онколог дәрігер Әріп КӨБЕКОВ «Жас АЛАШ» тілшісіне.

Онколог дәрігерлер қоршаусыз тұрған ескі полигондықұзырлы мекеме мен экологтар бақылауға алып, ең болмаса белгі қою керек депсанайды. Ал, Ақтөбе қалалық қала құрылысы мониторингі мекемесі қоқыс көмілгенполигон мемлекеттің меншігіндегі жер деп отыр. Сондықтан, олардан темір қазыпалуға ешкім рұқсат алмаған. Ал заң бұзушылық фактілер бойынша жергіліктіполиция айналысатын болады дейді.

Фотоавтордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Егіндібұлақ елінің еңсесі езіліп тұр
    10:41
  • Мақаншыда «қинау» фактісі бойынша ауыл тұрғыны полиция қолынан қаза тапты (видео)
    19.10.2020, 15:16
  • Ашық хат
    15.10.2020, 10:44
  • Билік жұртта қалған елу отбасыны көшіре алмай отыр
    15.10.2020, 10:38
  • Біржақты қарамайық...
    15.10.2020, 10:30