Ақтөбеліктер қытай жұмысшыларынан қорқып отыр

21.01.2020, 17:43

3

Қытайда  белгісіз вирустан қайтыс болған адамдардыңсаны үшеуге жетті. Бір өкініштісі  бұлдерттің қайдан шығып, қалай таралып жатқанын әлі ешкім анықтай алмай отыр.  Ал Ақтөбе облысында осы вирусқабайланысты  бақылау күшейтілді.  Мамандар Ақтөбеге  Қытай елінен келетін тікелей рейс болмаса дакеліп жұмыс жасайтын қытайлық азаматтардан сақтанып отыр.

Қытайдан шыққанбелгісіз  вирус ақтөбеліктерді де мазалайбастайды. Тұрғындар әсіресе Қытай елінен келіп жұмыс жасайтын азаматтардансескеніп отыр. Сөздерінше ауру ошағынан келгендер вирусты елімізге алыпкірмесіне кім кепіл. Сондықтан ақтөбеліктер құзырлы орындар  сақтық шараларын күшейтсе екен дейді.

«Қорқыныш бар. Балалырымыз үшін қорқамыз. Немерелеріміздіңболашағын ойлаймыз. Қалай қорықпайсың? Қытайда қаншама қазақ балалар оқыпжатыр. Ертең олар келеді. Құдай сақтасын. Бізде қанша қытайлар жұмыс жасапжатыр», — дейді «Жас АЛАШ» тілшісіне тұрғын Аман ҚАСЫМОВ.

Ақтөбеге Қытайданкелетін тікелей рейс болмаса да қазір әуежайдағы  жолаушылары арнайы қондырғымен жаппай тексеріліп жатыр.

«Халықаралық рейске шыққанда ұшаққа көтерілеміз. Сосыносы тепловизор арқылы барлық жолаушылар өтеді. Біз тексереміз. Содан кейін экипажмүшелерін де қараймыз. Осы уақытқа дейін халықаралық бізде тек Шарм-Эль-ШейхАқтөбе маршруты. Сол рейстерге шығамыз. Бірақ, бүгінгі күнге дейін ондайкүдікті аурулар табылған жоқ»,- дейді санитарлық карантин пунтк бас маманыНұргүл БАЙДУЛИНА.

Мамандар АқтөбегеҚытай азаматтары  Алматы мен Нұр- Сұлтанқалалары арқылы келетінін айтады. Оған қоса қазір облыстағы  қытайлық компаниялардың бәрін бақылауға алынған.Алайда дәрігерлер бұл жұқпалы вирус түріне егілетін екпе әзір жоқ дегендіайтады.

«Бұл каранавирустың жаңа түрі. Бұған арнайы екпе жоқ.Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының айтуы бойынша бұл вирус адамнан адамғажұғуы мүмкін. Қазір біздер халық арасында санитарлық ағарту жұмыстарын күшейтіпжатырмыз. Әр ауданда біздің бөлімшелеріміз бар. Оларда мамандар эпидемологтарбар. Олар сол СНПС «Ақтөбемұнайгаз», басқа да шетелдік жұмысшылар істейтінмекемелерде тиісті шараларды жүргізіп жатыр»,- деді  Ақтөбе облысының тауарлар мен көрсетілетінқызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысыныңорынбасары Мұхтар СЕРБАЕВ.

Мамандар еліміздеәзірге бұл белгісіз дертті жұқтырғандардың тіркелмегінін айтады. Алайда Қытайелінің өзі пневмонияға ұқсас вирустың қайдан шығып жатқанын әлі анықтай алмайотыр. Вирус жұқтырып, ауырған  үш адамқайтыс болған.  Дәл осыған ұқсас жұқпалывирус Қытай елінде 2002 жылы тіркеліпті. Ол кезде  жұқпалы дерттен  600-ден аса адам өлген.

Фото: 4esnok.by


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39