Ақтөбені қоқыстан құтқаруға шетелдік инвестор көмектеспейді

22.01.2020, 14:02

41

Ақтөбеде құны 33 миллиард теңге болатын жоба басталмай жатып тоқтап қалды.Облыс орталығынан тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу кешенін салуға келіскеншетелдік инвесторлар аяқ астынан бас тартқан. Облыс әкімдігі мәселені шешудіңөзге жолдарын қарастырып жатыр. Бұл туралы «Жас АЛАШ» сайтының өңірдегі тілшісіхабарлайды.

Ақтөбеде ірі қоқыс өңдеу зауыты салынады деп осыдан екі жыл бұрын айтылған еді. Тіпті жергілікті билікпен «Creative Energy» компаниясы арасында меморандумға да қол қойылған.Келісімге сәйкес, аталған компания шет елден мамандар әкеліп, ірі қоқыс өңдеузауытын ашуға сөз байласқан. Алайда, әкімдіктегілер біз емес, инвестор айныпқалды деп отыр. Олар қажетті қаржының 60 пайызын ғана құюға келіскен.

«Бір жыл өтті. Бір жыл бойыешқандай да келісім шарт шыққан жоқ. Қаржы бөлу бар, бірақ 40 пайызмемлекеттен, сол үшін шешім табылар емес. Инвестиция жағынан шешім табылғанжоқ. Сол үшін тоқтап қалды»,-  дейдіАқтөбе облыстық индустриялық-иновациялық даму басқармасы басшысының орынбасарыАзамат ҚҰДАЙБЕРГЕН.

Ақтөбедегі қоқыс мәселесі былтырғы жылдан жаз айларында туындаған. Қаланықоқыстан тазалайтын он мердігер компанияның жетеуі тарижтің аздығынан жұмыстанбас тартқан еді.

Облыста жылына 350 мың тонна қоқыс шығарылса, соның 200 мыңы Ақтөбеқаласына тиесілі екен. Қалада қазір бір сұрыптау кешені ғана жұмыс істейді. Албұл кешен полигонға әкелінетін қоқыстың төрттен бірін ғана сұрыптауға қауқарлы.Пластик, қағаз қалдықтарын бөліп шығарады. Ал, қалғаны тау боп үйіліпжатыр.  Бұл шаһардың экологиялық ахуалынада кері әсерін тигізіп келеді. Сондықтан ірі өңдеу кешенін салу мәселесі соңғыжылдары жиі айтылады.

«Инвестор табылып, зауыт салынса,дұрыс болар еді. Ол бізге де, қоршаған орта үшін де жақсы. Сұрыптау жұмысыөңдеуге жатпайды. Сондықтан қатты қалдықтарды өңдеу зауытын салу жоспарыөзімізде де бар. Бірақ көп қаржы қажет. Ол электр энергиясына ма, әлде баламалыотын шығаруға арнала ма, ол да әзір белгісіз», — дейді қоқыс шығаруменайналысатын «Нео Плюс» ЖШС-нің диркеторы Владимир ПРОСКУРИН.

Әкімдік қазір мәселені шешу үшін қосымша келіссөз жүргізіп жатқандарынайтады. Жоғарыда аталған компаниямен ортақ келісім болмаса, жергілікті билікбасқа инвестор іздемек.

Фото Жас АЛАШ мұрағатынан.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    23.11.2020, 10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    23.11.2020, 09:56
  • "Көлігім жоқ болса да қарыз төледім" - салық органдарына шағымданатындар көп
    21.11.2020, 11:05
  • Билбордтардан не пайда, жемқорлар саны азаймаса?
    21.11.2020, 10:52