20.05.2019, 21:12
299
Ақтөбеде салып жатқан үйінің қақ ортасынан газ құбыры тартылған тұрғын қайда барып кімнен көмек сұрарын білмей отыр. Баян ЕШІМОВА жер телімін бөліп берген әкімдіктегілер газ құбырының үстінен үй салуға қалай рұқсат бергенін түсінбей дал. Өйткені тұрғынның қолында заңды түрде жердің құжаты оған қоса қаланың бас сәулетшісінің өзі бектіп берген үйінің құрылыс жоспары да бар. Ал қалалық жер қатынастары бөлімі болса, тұрғынға өздері бекітіп берген жерде газ құбыры жатқанын өздері білмейтін болып шықты. Әкімдіктегілер қазір сол елді мекенге осыдан сегіз жыл бұрын газ тартқан мердігер компанияны іздеп жатқандарын айтады.
Жер кезегін он екі жыл бойы күткен Баян Ешімова «енді мемелекеттен алған сол жерге дұрыстап үйімізді де сала алмай отырмыз» дейді. Сөзінше төрт емес алты бұрышты жеріне қазық қақтырғанда әкімдік газ желісі алынады деп уәде етіпті. Алайда үйдің үстінен тартылған құбыр сол күйі тұр. Тұрғынның қолында үй құрылысына қатысты қаланың бас сәулетшісі бекітіп берген барлық құжаты да бар. Бір қызығы бекіткен үйдің үстінен газ құбырын жүргізіп тастаған.
— Газды тартыпжатқанда мен айттым, мынау үйдің ішінен түседі ғой ертең деп. Ол айтты бұл дұрыс емес, ертеңгі күні алып тасатайды,сала беріңіз үйді деді. Райгазға бардым. Райгаздың адамдары біз білмейміз, мұныакимат жүргізді. Бұл «бюджетный» нәрсе, біз тие алмаймыз деді. Үйдің ортасынаналып барып көрші үйге қосқан, — дейдіБаян Ешімова.
Әкімдіктегілержеке үй құрылысына деп өздері бергенжердің үстінен осыдан сегіз жыл бұрын газ желісін жүргізгендерін ұмытып кетсе керек. Қазір білмедік депақталып отыр. Сөздерінше тұрғынға жер 2017-ші жылы берілген. Ал "Қызылжар2" елді мекеніне газ құбыры 2011 жылы тартылған. Алайда сол кезде тартылған газ желісі көшенің бойымен емесхалыққа бөлінген жердің үстінен қалай жүргізілгенін әкімдіктегілердің өздерітүсінбей отыр.
— Газопроводтың баржоғын біз білген жоқпыз. Қазір құрылыс бөлімімен, «подрядный» организацияларменсөйлесіп жатырмыз. Жақында басына шығып сол газ құбыры жүргізген мекемеменауыстыруға мәселені көтереміз, — дедіАқтөбе қаласы жер қатынастары, сәулет және қала құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Ислам ІЗБАСҚАНОВ.
Әкімдіктегілер тұрғынның мәселесін осы аптада шешіп береміз деп уәде етіп отыр.
Фото автордікі.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР