Ақтөбенің қайта ашылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында кезек көбейді

12.05.2020, 21:48

3

Мамырдың 12-сіне Ақтөбеде қайта ашылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында кезек күрт көбейіп, жүздеген адам жиналды.

Ақтөбенің Тургенев көшесіндегі орталыққа жиналғандар жаңбыр астында сағаттап тұрған. Кей азаматтар кезек алу үшін орталыққа таңғы сағат сегізде келгенін айтады.

Орталық өкілі Жанат Алдамжарованың сөзінше, Қазақстанда халыққа қызмет көрсету орталықтары коронавирус індетіне байланысты жаңа форматпен жұмыс істей бастаған. Сондықтан орталыққа келмес бұрын азаматтар egov порталы немесе 1414 нөмірі арқылы бронь жасауы керек.

-ХҚКО қызметін пайдалану үшін egov арқылы кезек алу керек екен. Оның істемей тұрғанына бірнеше күн болды. Мұндағылар кей қызмет түрлерін egov-тан алыңдар дейді. Ол мүлде мүмкін емес,- дейді жауын астында қалған Ғалия Әминова.

Анар есімді Ақтөбе тұрғыны карантин кезінде құжаттарды онлайн рәсімдей алмағанын айтады.

-Сәуірдің басында ағам балалы болған. Баланың құжаттары әлі рәсімделген жоқ. Құжаты жоқ балаға емханалар да қарамайды.1414 нөміріне қайта-қайта хабарласып, үміт үздік. Egov-қа кіре алмағанымызға он күн болды,- дейді.

Ақтөбе қалалық халыққа қызмет көрсету орталығының өкілі Жанат Алдамжарова «Көп салмақ түскенде Egov порталының жұмысы баяулайтыны рас. Құжатын онлайн рәсімдей алмай жүргендер араға біраз уақыт салып, порталға қайта кіруі керек» дейді.

Ақтөбе әкімдігінің хабарлауынша, 12 мамырдан бастап әкімдіктер, супермаркеттер мен орта білім беретін мектептерде халыққа қызмет көрсету бұрыштары құрылған. «Ол бұрыштар тұрғындарға құжаттардың кей түрлерін рәсімдеуге көмектеседі. Ақтөбеде халыққа қызмет көрсететін 90 бұрыш жасақтау жоспарланып отыр. Әзір оның барлығы бірдей ашылған жоқ» деп хабарлайды әкімдік.

Төтенше жағдай режимі мен карантинге байланысты онлайн жұмысқа көшкен Ақтөбе қаласының халыққа қызмет көрсету көрсету орталығының үшеуі ғана қайта ашылған.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04