Ақтөбенің «шыршасына» 7 пәтердің ақшасы кетті

27.12.2018, 20:30

13

Ақтөбе облысының шененуніктері жаңа жылдық кештен бас тарқанымен, шыршаға ақша аямайды. Облыс орталығының басшысы Ілияс ЕСПАНОВ жаңа жылдық безендіруге 45 млн теңге бөліпті.Бұл қаржыға жаңа жылдық мерекеге арналған қаладағы негізгі үш шырша мен мұз қалашығы, мүсіншелер жасалады. Оның сыртында кәсіпкерлер есебінен 50-ден астам шырша қойылады. Демек, Ақтөбе қаласы биылғы жаңа жылға 50 миллион теңгеден астам (50 шыршаны өзіңіз есептей беріңіз) ақша жұмсайды. Бұл дегеніңіз, Ақтөбеден 1 бөлмелі 7 пәтер сатып алуға болады деген сөз. Мәселен, krisha.kz сайтында Ақтөбе қаласының тәуір есептелетін Нұр Ақтөбе ауданындағы бір бөлмелі пәтердің орташа бағасы – 6 миллион теңге көлемінде.Ал, Ақтөбедегі ең биік шырша – 30 метр. Ол облыс орталығының бас даңғылына, тура облыс әкімдігінің алдына қойылыпты. Қалаға одан бөлек тағы да негізгі деп есептелетін 2 шырша орнатылмақ.«45 млн теңгеге қаладағы басты алаңдарға орнатылған 3 шырша мен оларды безендіру, мұз қалашығын жасау, басқа да мүсіндерді қою кіреді. Мысалы, Әбілқайыр хан даңғылында мұз қалашығын жасап жатырмыз. Одан бөлек, тағы бірнеше орындар болады мұз айдындарымен. Үш негізгі шыршадан басқа қаланың өзге аудандарына 50-ден астам шырша қойылады. Оны жергілікті кәсіпкерлер мойнына алды», — дейді Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Дастан ӘЖІБАЕВ.45 миллионнан бөлек 50 шырша…  Бәлкім, ақтөбелік кәсіпкерлер де жаңа жылды тойлаудан (шенеуніктер сияқты) бас тартса, әлгі 50 шыршаға кететін ақша да қайырымдылыққа аударылар ма еді...Фото автордікі
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16