Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА: Пәренжі жамылған қазақ қызын көрсем, бетінен жұлып алғым келеді

– Ақұштап апай, қай заманда да ақын деген қоғамныңбарометрі, тура жол нұсқайтын темірқазығы болды емес пе?
Сіз Алаштың арқа тұтарақын қыздарының бірісіз және көңілшектікке салмай, бетке айтар өткір мінезіңізбар. Ендеше, сіз дәл бүгінгі қоғамға қандай баға берер едіңіз? Қандай диагнозқояр едіңіз?
– Қай ғасырда да, қайқоғамда да талантпен кім санасып еді? Өкінішке қарай, кейінгі кезде біз қоғамғаықпал етуден қалдық. Біздің тыңдап жатқан жан баласы жоқ. Ақша тапқыш пысықтарөз бағытына кетті. Ар-ождан мен ақыл-ой таразыға түскенде екінші жағындағы ақшабасып кетті ғой. Интеллигенция жайына қалды. Содан біздің сөзімізді жүретыңдайтын болды қалтасы қалыңдар. Әйтпесе бізден, қаламгерлерден сұраса,жастарымызды бүгінгі вахабизмге жібермес едік қой. Біз бүгінгідей,адамгершілікті таптап өтіп жатқандарға жол бермеу үшін күресер едік. Қаламдыбізге Жаратушы иеміз сол үшін ұстатып еді ғой.
Біз бүгінде болып жатқанныңбәрін көріп және бәріне көніп отырмыз. Неге? Өйткені бізге бәрінен бұрын Ұлы даланыңегемендігі қымбат болды. Зарығып күткен еркіндік нығайсыншы деп, көп нәрсегекөз жұма қарадық. Біз егемендікпен бірге ата салттың, ұлттық дәстүрдің қайтатірілгеніне жұбандық. Әйтпесе айта берсек, жаманатты боламыз ба дедік. Қанағатсызадамдай болып көрінбейік дедік. Шыдайық дедік. Бірақ қарап отырсақ, бүгіндежастардың тәрбиесін бетімен жіберіп алыппыз. Әлемнің оқыту методикасын әкелеміздеген желеумен бүтін қалыптасқан салт-дәстүрімізді бұзып алыппыз. Әйтеуір, тілбілсе болды деп, соған риза болдық. Бірақ бүгінде сол тіл білгендер қазақтыңтілін қадірлеп жатыр ма? Басқаны былай қойғанда, қалам ұстаған, микрофон ұстағантілшілердің өзі қазақ тілінің заңдылықтарын белшеден басып, экранның ар жағынан«отырқ», «жатырқ» деп сөйлейді. Сөйлемқұрай алмайтын адам халықтың алдында бағдарлама жүргізеді. Бүгінде теледидарданбіз көретін парасатты әңгіме қалған жоқ. Бәрі селкілдеп ән салады, ал ол әнніңмазмұны жоқ, ол әннің жүрек тербейтін әуені жоқ.
– Осыған не себеп? Біз қай тұстан қателік жібердік?
– Меніңше,барлығы еліктеуден басталды. Сонда «тәйт,мына Ұлы даланың салты, ата бабаның анты бар еді ғой» деп бір адам айтқан жоқ.
– Яғни қазақ болу сәннен қалды дейсіз ғой?
– Қазақ болу сәнненқалды. Ал қазақ болмаған жерде біз ешкім емеспіз. Ешкім бізге Абай заманыныңкүпісін ки деп жатқан жоқ. Бірақ еркіндіктің жөні осы екен деп, көрінген көшкеерудің де жөні жоқ. Даланың өз салты бар. Бүгінгі жастар қазақтың тарихын бір ашыпкөрсінші, қай ғасырдың тарихында қазақ әйелін сабап, бес-алты баласымен далағақуып шығып еді?! Қай ғасырда қазақ анасын керек қылмай тастап еді? Қазақтыңқызы қашан оратылған көйлек киіп, қара жамылып жүріп еді? Тарихымыздан сондайбір суретті, бір жазбаны тауып көрсетіңізші маған… Ғасырлар бойы жырауларымызқазақ қызын үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек киген деп суреттеді емес пе?!.. Міне,сондағы Ұлы даланың еркіндігі мен еркелігі қайда? Жүйрікке мініп, жігіткежеткізбейтін қыздарым қайда? Неге олар мынадай еркіндік ғасырында таяқ жейді?Ұлы даланың ар-намысы қайда? Бүгінде әлем аяқ тартатын Қытай секілді алыпимперияның өзі кезінде біздің аталарымыздан қорқып, Ұлы даладан сақтар менғұндар келіп қалады ғой деп, ұлы қорған тұрғызды емес пе? Ресей де бізденқорқып, биік қорған салды емес пе? Орынбордан ассаңыз, әлі ізі жатыр соның… Солсақтар мен ғұндардан шыққан батырлардың ұрпағы қайда қазір? Сол батырдың ұрпағықысқа шалбар киген, қаба сақалды, өз діні мен салтын білмейтін вахабизмге еріпкеткен жігіттер ме? Мен солардан тіпті жиіркенемін. Анасынан безіп, әкесіне«сен мұсылман емессің» деп, қол үзіп кеткен, салтынан безіп, «біз мәйітті былайкөмеміз» деп, аруақпен алысқан мұндай ұрпақты Ұлы даланың бабалары армандағанжоқ қой. Осының бәрінен айырылғанда біздің қаламымыздан қандай қуаныш жыры тууымүмкін?!.. Тумайды. Жүрегіміз жаралы біздің, ақындардың. Амал жоқ, бір нәрсежазып жүрген сыңайдамыз. Мына нарық ақындарын жалдамалы тамадаға айналдырыпжіберді.
Кезінде Зейнолла Қабдоловтайұстазымыз «Әдебиет – ардың ісі, оның табалдырығын тазалықпен аттаңдар» деп айтыпеді.
Әдебиет ардың ісі болмай қалды-ау, жан аға,
Поэзия айтыс болып сіңіп жатыр санаға.
Ақын деген Тәңірінің сүйіп берген ұлы емес,
Ақшалының тойындағы сайқымазақ, тамада,
Әдебиет ардың ісі болмай қалды-ау, жан аға, – деп жырлап отырмын өз басым бүгінде.
– Мына қоғамның диагнозын тура қойып тұрсыз ғой...
– Енді ше? Мен басқаша айтаалмаймын. Әрине, алты тілде антологиямыз шықты, әлем кітапханасына таралды,оған рақмет. Ол да керек дүние. Оған қуанайық, себебі ол егемендіктің арқасы.Бірақ елімде одан басқа не болып жатыр? Неге бүгінде қанағат деген сөз айтылмайтынболып кетті? Ол сөз тіпті біздің лексиконымызданда түсіп қалды ғой. Неге арыстай азаматтарымыз ақшаға құнығады? Неге оларбірінен кейін бірі жемқорлықпен түрмеге түседі? Ұлы даланың арын ойламай ма?Ата- бабамыздың киелі санап, «денемді туған жеріме қойыңдар» дейтін сүйемдейжерді қастерлейтін кім қалды қазір? Неге оның байлығын сатып, өзі шетелдебалқып, шалқып жүреді? Тойханаға барып той тойлағанша, баланы оқытуға жұмсаукерек сол ақшаны. Ұрпақ сауатты болуы керек еді ғой.
Ал бүгінде бізде он бір жылоқып, мектеп бітірген ұл мен қыз өзінің атасы мен бабасының өмірбаянын жазыпбере алмайды. Оны қоя беріңіз, жұмысқа арыз жазып кіре алмайды ғой. Мен осының бәрінкөзбен көріп отырған соң айтамын. Оларға өзім күнде сабақ беріп жүрмін. Сонда бізоларға не оқытып жүрміз? Кімді алдап жүрміз? Міне, бүгін бәрінің беті ашылды.Мына коронавирус көп нәрсеге көзімізді ашып берді. Ауыл балалары сабақ оқиалмай отыр. Себебі ауылға интернет жетпеген. Олар түгіл, менің қалада тұратыннемерелерім интернет жоқ деп шырылдағанда, солармен бірге бүкіл үй іші жынданыпкете жаздаймыз. Сонда осы мәселені жолға қоюға, ауыл-ауылды үздіксіз істейтінинтернетпен қамтуға шамамыз келмей ме?
Бір байқағаным, менің балакезімде қойылған бағандар әлі күнге дейін ауыстырылмаған. Ескі, шіріп құлағалытұр. Неге оны ешкім ойламайды? Неге бұл дала иесіз қалды? Сол бағанды жаңалауғашамамыз жетеді ғой. Онда неге жаңармайды? Ауыл түгіл, облыс орталығындаинтернет неге ұйықтап қалады мынағасырда? Осы түрімізбен дамыған елдердің қатарына қалай қосылмақпыз? Айтаберсек, ана ретінде менің жүрегімді ауыртатын нәрсе көп. Бірақ тыныштықболсыншы, еліміз тату болсыншы деп, ұрпақтың амандығы үшін көп жерде үндемейқоя саламын. Жүрек жаралы, көңіл алаң. Сондықтан айтқымыз келгенді айта алмай,аузымызды жауып отырған жайымыз бар.
– Ақұштап апай, кезінде Ғабит Мүсірепов «Әр қазақ ең кемі екі ақыл айтады,егер де сол ақылының ең құрығанда біреуін өзі істесе, әлдеқашан ел болып кетереді» деген еді. Ол кезде қайта ақыл тегін еді ғой. Ал бүгінде ақылын тегінемес, ақыға сатып беретіндер көбейген. Бір қызығы, соларға бас шұлғитындар көп.Осы нені білдіреді? Сіздерді, яғни зиялы қауымды ығыстырып шығарған, сіздердіңорындарыңызды басып алған солар емес пе? Сіз қалай ойлайсыз?
– Қазір ешқандай аты-жөнітаныс емес, өздері де шала сауатты адамдар интернеттен бірдеңені оқып алып,соны елге үйретіп жүр. Әр жерде әңгіме өткізіп жатады. Көзіміз көріп жүр. Кейдеарасында тыңдап та тұрамын. «Осылар не айтып жатыр елге?» деген оймен. Бірақсоңына дейін шыдай алмаймын, шығып кетемін. Себебі, Құдай біледі, сөйлеп тұрғанадамның сөйлемін өзге түгіл, өзі түсінбейтін шығар. Мен тіпті солардың өзініңбілімі өз басын алып жүруіне жететініне күмәнім бар. Әйтеуір, «аңқау елгеарамза молда» дегендей, олардың көздегені ақша табу. Бір жағынан, оларды басқашығарып, төске өрлеткен идеологияның жоқтығы. Бұрын орталықтан құрылғанидеология бекіткен баяндама оқитын лекторлар болатын. Олар халыққа шыға алатын,білімі толысқан ұстаздар, кәдімгі бір саланың ғалымдары болатын. Ал енді бүгін…Сірә, «Бас басына би болған өңкей қиқым, Мінекей, бұзған жоқ па елдің сиқын», –деп Абай кезінде осындайлар жөнінде айтқан-ау, шамасы. Абайды қайта оқуымызкерек. Оның ұлылығы да осында, ол қай заманда да өзектілігін жоймайды. Бірақбіз Абайды дұрыс оқыта алмай жүрміз бе деп қорқамын.
– Биыл Абайдың 175 жылдық мерейтойында жаппай челендж өтіп жатыр, оқылыпжатыр емес пе?
– Жоқ, Абайдың екіауыз сөзін жаттап айту оны түсіну деген сөз емес. Бір той өткізіп, бір өлеңіноқу Абайға насихат бола алмайды. Абайдың ұлылығы да, ұмытылмайтыны да сонда –ол өте терең әрі әр жаста әртүрлі ой қалдырады. Яғни Абайды оқу деген – оны өмір бойы оқып, терең ақылменбойға сіңіру деген сөз. Ұлт болудың ең негізгі басы – білім. Ал біз білімненгөрі ақшаны жоғары қойып, жаппай саудаға көшіп кеттік. Бәрі ақша үшін. Бүгінгіжастар ақшаға бәрін сатып алуға болады деп ойлайды. Ең бір қасиет тұтар құндылығымызтіл мен ата-бабамыздың сенімі еді. Тілдің жайы анадай, өзге тілде сайрағанымен,өз тілін білмейтіндер көп. Ал дінде шала сауатты молдалар көбейіп кетті.Мешітке бір кіріп шығады да, сонымен Құдайды алдайды. Осының бәрі дұрыс емесқой, шырағым. Ендігі үмітіміз өсіп кележатқан ұрпақта. Солар дұрыс білім алса, солар шала сауатты емес, нағыз білімді болса,солар ақшадан гөрі адалдықты биік ұстаса… Ол үшін әр отбасы, әр ата-ана өзұрпағын дұрыс тәрбиелеуі керек. Әйтпесебүгінде ақыны мен жазушысын оқып, оларды тыңдап жатқан адам жоқ. Ақын сөзітегін айтылмайды. Оған бір құдірет айтқызады. Ал, бірақ, оның қадірін біліпотырған жан баласы жоқ. Сол құрметтің жоқтығынан әркім өзіне би, өзіне қожа.
– Сіздің жас күніңіздегі жастар қандай еді? Олар нені аңсайтын? Негеұмтылатын? Қазіргі жастарда не жетіспейді?
– Менің жас күнімдегіжастар: Әбіш Кекілбай, Мұхтар Мағауин, Фариза Оңғарсыновалар. Халық оларды осыкүнге дейін неге жақсы көреді? Олардың өмірге деген адалдығы, бойындағы тазалықпен құштарлығын сезетін болса керек. Бізден үлкен буыннан Мәлік Ғабдуллин,Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқановтар, оған дейінгі Майлиндерді алсақ, олардың баркөздегені ұлт мүддесі болды. Оларда жеке бас мүддесі деген болған жоқ. Олармөлдір, таза болды. Соғыстан кейінгіұрпақтың бар арманы тыныштық пен сыйластық болды. Біз үстіміздегі бір көйлектіадал еңбегімізбен тапқанымызға қуанатынбыз. Біз біреудің артық бір нәрсесіненпайда көруден аулақ болдық. Біз адалдық пен адамдықты бәрінен жоғары қойдық.Біздің арманымыз Қазақ еліне еңбек ету, соның әніне ән қосу, үніне үн қосуболды. Менің әлі күнге күйттегенім – сол мақсат, тым құрыса қазағымның бірқызына «тәйт деп айтайын», «ана болыңдар деп айтайын» деген ұстаным. Біздіңкезімізде ақындардың кез келген әнінің туған жерді сүюге әсері болды. Оныңүстіне әжелеріміз де «адал бол, ұлттың бетіне кір келтірмейтін қыз бол» дегендітәй-тәй басқаннан бастап, өздері өле-өлгенше айтып отырды. Міне, біз бүгіндеосындай ұлттық тәрбиеден қол үзіп қалдық. Сол кез бен бұл кездің адамдарыныңайырмашылығы осында деп ойлаймын.
– Иә, кейісіңіз орынды. Алайда күллі әлемді бір-ақ сәтте үйге қуыптыққан пандемия әркімге өз орнын көрсетіп берген сияқты. Адамзат баласыіндеттен жазылудың жолын іздеп шарқ ұрғанда, әр қазақтың көкейінде «әттеген-ай,біз шоу-бизнесті дамытқанша, неге медицинаны, ғылымды дамытпадық екен?!» дегеной туғаны жасырын емес. Ендеше, осы жағдайдан кейін әлем қаншалықты өзгередідеп ойлайсыз? Қоғам өз құндылықтарын қайта саралайды деп сенесіз бе?
– Меніңше, енді үкіметте, адамдардың өздері де ойлануы керек. Солай ететін шығар. Селкілдей беру,адамды алдап ақша табу, оның бәрі өткінші екенін сезінген шығар. Болмаса бірұлы күш бар екенін білді. Сол ұлы күш адамдар шектен тыс есіріп кеткенде, біржағынан, топан су ағызып, екінші жағынаніндет жіберіп жатқан жоқ па? Негізі, бір ұлы күш Ұлы даланың жүрегінде бұрыннанболған. Қазақтың қай ғасырдан бері келе жатқан мұсылмандығы бөлек қой. Біздіңқазақ қай заманда да адамды сыйлау, қарғыс алмау, алғыс алу деген ұлыпринциппен өмір сүреді емес пе?! Ұлы даланың қарапайым молдасының өзі өтесауатты еді. Молда дегенді біздің қазақ қатты құрметтеді. Бұрын ауылдағы бірмолда қазіргі қалалардағы шетелден оқып келген имамдардан мінездері де, өзін-өзіұстаулары да мүлдем бөлек болатын. Мүмкін, ренжір, мүмкін ренжімес, бірақ мағанқазіргі заманауи имамдар арабтан шала алып келген дүниелерін қазаққа шалакүйінде таңып жатқан сияқты көрінеді. Ұлы даланың Құдайы – әр адамныңжүрегінде, бесігінен берілетін үйдегі тәрбиеде. Міне, бізге сол жетіп жатыр. Аленді бүгін вахабизмге қосылып, пәренжіжамылған қазақ қыздарын көргенде, бетінен жұлып алғым келеді. Себебі оныңартында кім тұрғанын кім білсін? Сол ағымға еріп, олардың жеткен жері терроризмболып жатқан жоқ па? Өйткені олар ұлттық тәрбиеден айырылды.
– Ұлтсызданудың үлгісі десеңізші...
– Иә, тап солай. Мұныңбасында кім отырса да, қыздарымызды бұзу арқылы халқымызды ұлтсыздандырудыкөксеп отыр. Мен бұны ұлтқа қарсы жасалған қастандық дер едім. Мұнымен күрескебел шеше, білек сыбана кіріспесек, енді тоқтау жоқ па деп қорқамын. Әсіресе батыстадүмшелер ойран салып жүр. Егер осылай кете берсе, онда біз көп ұзамай ұрпақтанайырыламыз. Бірақ бір үмітім бар – біз, қазақ, құлап барып, сүрініп барып,қайта бойымызды тіктейтін халықпыз ғой, осы жолы да солай болатын шығар. Бәріндұрыстаймыз десек, бізде әлі де мүмкіндік бар. Себебі біз еркін де егеменелміз. Ешкім бізге «өйт, бүйт» деп әмірін жүргізе алмайды. Өзімізге өзімізбиміз. Тек ол үшін бізге сауатты ұлттық тәрбие керек. Ол үшін бізге бойында ар-ұятыжоғары, кәдімгі Абайды оқып өскен парасатты азаматтар керек. Бастысы, бізгеелмен сөйлесе алатын интеллигенция, елмен сөйлесе алатын әкімдер керек.Халықпен ашық-жарқын сөйлесе алатын жүрегі таза, сөзге шебер, оқығаны молбасшылар керек. Халыққа кекірейе қарайтын, шіренген шенеуніктер емес. Біз«басшыға бағын» дегенді ұстанатын елміз. Сондықтан бізге дұрыс басшы керек. Албағынбаудан әр есікке жүгіріп баратын, «Нұр Отанның» есігін қирататын әйелдершығады. Алайда біз бетпақтықпен ештеңе өндіре алмаймыз, ешқайда бара алмаймыз. Әрбіріске парасатпен келу керек. Осы елде өмір сүретін әр адам оның дамуына өзүлесін қосуы керек.
– Әркім өз орнында болуы керек дейсіз ғой?
– Иә, әркім өзорнында болуы керек. Әркім өз парқынша өмір сүруі тиіс. Сен жұмыс істеугежаралдың ба – жұмысыңды жақсылап істе. Қолыңнан тек күрек ұстау келе ме, ендеше,соны дұрыстап ұста. Сен бағбансың ба – онда бақшаңды жайқалт. Құрылысшысың ба –үйіңді үп еткен желден шатыры ұшып кетпейтіндей етіп мықтап жаса. Ісіңді шалажасауға Құдайдан қорық, адамнан ұял! Сонда ғана бәрі дұрыс болады. Егерқолыңнан құрылыс келмей ме, онда барма, ешкімнің обалына қалма. Етігіңдітігесің бе, егісіңді егесің бе, әйтеуір, қолыңнан шын келетін істі жаса.Ешкімге қиянат жасама. Осының бәрі біздің ұлттық тәрбиемізде бар нәрселер,негізі. Тек біз содан қол үзіп қалдық. Оны керек етпей қойдық. Шетелдікі таңсықболды. Ал нәтижесі қайсы? Нәтижесі – ұрпақ сауатсыз, ерме. Отанын сүйетіндераз. Бұл – бір. Екіншіден, ел басында отырғандарға жармаса беру, оңды-солды өсексоғу – болмайтын елдің ісі. Сосын, мына желідегі ұсақ өсектермен деңгейдітүсірмеу керек. Оқу керек. Білім іздеу керек. Елдікті бүтін ел болып ойлаукерек. Ұрпақты сауатты етіп шығару керек. Ақылы жоғары оқу орындары менсатылған дипломдар елімізде көп нәрсенің бетін ашып берді. Ол өз нәтижесін берді:ұрпақ сауатсыз болып өсті. Тіпті арыз жазып, жұмысқа тұра алмаған соң, басқасынқоя салайық.
– Қатты айтсаңыз да, қазаққа жаныңыз ашып айттыңыз. Әңгімеміз әзірге таусылмайтынсекілді. Бәлкім, кейін тағы оралармыз. Әзірге осы жерден түйіндесек. Тұшымдыәңгімеңізге көп рақмет. Аман болыңыз!
Әңгімелескен Мәриям ӘБСАТТАР