"Ақжайық": Атырауда дәрігерлер наразылығынан хабар таратпақ болған журналистер ұсталды

12.04.2020, 21:52

3

11 сәуірде Атырауда облыстық ауруханадағы дәрігерлердің наразылығынан хабар таратпақ болған республикалық КТК арнасының тілшілерін полиция аурухана ауласынан ұстап әкетті. Бұл туралы атыраулық «Ақжайық» басылымы хабарлады.

Басылымның жазуынша, КТК тілшісі Бекен Әлирахымов пен оның жанындағы оператор облыстық аурухана ауласында дәрігерлердің наразылығын түсіріп тұрған кезде полиция қызметкерлері келіп, оларды полиция учаскесіне алып кеткен.

Маска тағып, қорғаныш киім киген журналист пен оператор қолында редакция тапсырмасы, қажетті құжаттары болғанын айтқан.

«Бізді карантин жарияланған аурухана аумағында жұмыс істеді деп айыптап жатыр. Бірақ карантин жарияланды деп ресми түрде хабарланған жоқ. Бұйрықты тіпті дәрігерлердің өзі көрмеген. Ауруханаға өткізу пункті арқылы өттік, бізді ешкім тоқтатқан жоқ. Ештеңені ескертен жоқ. Ұстағаннан кейін полицей учаскесінде әкімшілік хаттама толтырып, содан соң мені Береке шағын ауданындағы карантинге жіберді, ал оператордың дене қызуы сәл көтерілгендіктен провизорлық орталыққа жіберді» деген Бекен Әлирахымов.

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«youtube»>

Сайттың жазуынша, облыстық аурухана дәрігерлері мен науқастар өздерін «жағдайы нашар, іші суық» Береке шағын ауданындағы тұрғын үй кешеніне көшіруге қарсы болған. Дәрігерлер ауруханада карантин жарияланғанын дұрыс түсіндірмегенін де айтқан.

Ал Атырау облыстық төтенше жағдай жөніндегі шұғыл штаб өкілдерінің айтуынша, Атырау облысының бас санитар дәрігерінің қаулысымен 3 сәуірде облыстық ауруханада карантин жарияланған. Штаб өкілдері журналистерді ''карантин режимін бұзды" деп айыптаған. Редакцияның екі қызметкерінің үстінен Әкімшілік кодекстің 476-бабы бойынша («карантин режимін бұзу») хаттама толтырылған. Штаб өкілдері олардың карантиндік стационарда болатынын, ПЦР тестен өтетінін айтқан.

/* Instagram*/ #gr-961-i { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-i img { width:130px; } #gr-961-i:hover { outline:2px solid #d93175; } #gr-961-i .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-i span { color: #d93175; } #gr-961-i p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04