Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:39, 12 Тамыз 2022

Ақжарқын Тұрлыбай ісі: Нигерия күдіктіні Қазақстанға экстрадициялауға әлі жауап берген жоқ

None
None

0 маусымда Нигерияда Интерполдың Қазақстан Республикасы ІІМ-дегі Ұлттық Орталық бюросының сұрауы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 259-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыс (есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Адиндо Нонсо Фортуне ұсталды.

Бас прокуратура Tengrinews.kz тілшісі Адиндо Нонсо Фортунды біздің елге экстрадициялау туралы өтініш қазір қай кезеңде екенін айтты.

«Адиндо Н.Ф. есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыс жасағаны үшін Алматы қалалық полиция департаментімен іздеуде болған. Ол 2022 жылғы 20 маусымда Нигерияда ұсталды. Қазіргі уақытта оны қамауда ұстау және Қазақстанға одан әрі экстрадициялау туралы одан әрі процессуалдық шешім қабылдау мақсатында қажетті материалдар Нигерия ҰОБ-на жолданды», — делінген хабарламада.

Тегтер: