"Ақжол" партиясының кандидаты Дания Еспаева дауыс берді

10.06.2019, 03:00

17

9 маусым түскі 11 шамасында Нұр-Сұлтандағы №113 сайлау учаскесінде билікшіл «Ақ жол» партиясы атынан сайлауға түсіп жатқан Қазақстандағы алғаш әйел кандидат Дания Еспаева дауыс берді.

Бұған дейін кандидаттар Амангелді Таспихов, Қасым-Жомарт Тоқаев, Жамбыл Ахметбеков, Төлеутай Рахымбеков дауыс берген.

Оқи отырыңыз: Тоқаев елдегі наразылықтар туралы: Оның бәрінен хабарым бар

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Бұл жолғы сайлау елді отыз жылға жуық басқарып, биыл наурызда Қазақстан президенті қызметінен кеткен Нұрсұлтан Назарбаевсыз өтеді. Орталық сайлау комиссиясы жеті адамды президенттікке кандидат ретінде тіркеген:

Жамбыл Ахметбеков — "Қазақстан коммунистік халық партиясы";

Дания Еспаева — «Ақ жол» партиясы,

Әміржан Қосанов — "Ұлт тағдыры" қозғалысы.

Төлеутай Рахымбеков — «Ауыл» партиясы;

Амангелді Таспихов — Қазақстан кәсіподақтар федерациясы;

Қасым-Жомарт Тоқаев — «Нұр Отан» партиясы;

Сәді-Бек Түгел — "Ұлы дала қырандары" республикалық қозғалысы.

Сайлауға 1000-нан астам бақылаушы тіркелген.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39