Ар мен нәпсі соғысы жүріп жатыр
Әлімсақтан келе жатсақ та, қазақтың денсаулыққа жете мәнберген кезі аз. «Қап, әттеген-айы» күнделікті қағидаға айналғалы қашан.
«Ертеңістеп, бүрсігүні бітіремін» дейтін әдет те бізге әсте жат емес. Ой келеді, ұлттыңұпайы неге түгел емес? Сан соғып қалу санамызға неге сонша берік орнады? «Біркем дүние» дейміз де, өзімізді зерттеуге де уақыт таппаймыз. Әлде еріншекпіз,ептеген енжарлық та бар. Ерінбесек немене, елдің бәрі етегін қымтап, дайындығынкөріп, Хубей аймағынан басталған қауіпті вируспен күреске қаруын сайлады.Күркемізде жата берген біз ғана. Әбден «жау» келіп, емін-еркін еніп алғаннанкейін ғана өре түрегелдік. Сөз соңына таман битке қатысты бір бөлім жазамыз.Сонда түсінесіз, қимылдың неге кеш болғанын. Қазір ше? Жоқтау күнде айтылып,жоғалтқанымыз көбейіп барады. Рас, бір шайқаста ұтылдық. Алайда соғыс әліаяқталған жоқ. Кескілескен күрес жалғасады әлі. Қос тараптың бірі жеңіпшыққанша. Алла тағала жар болсын баршамызға! Ақпар біткенді жинап алыпзерттеңізші. Сөзсіз, қайран қаласыз. Қазақта денсаулық жоқ екенін біліп. Бірбүгін ғана емес.
Мына бірдеректі өткен ғасырлардан тауып алдық. 1883 жылы Семей облысының Қарқаралыуезіндегі өлім-жітім саны дүниеге жаңа келгендерден асып кетіпті. 384 адамға!Әсіресе балалар мен жастар арасында өлім көбейіпті. Дені өкпе дертінен, құртжеген, қабынудан. Дизентерия мен асқазандағы инфекция да өршіпті. Оған кейінгіжәне дейінгі деректерді де көз шалды. Ерінбесеңіз е-history.kz-ке үңіліңіз. Өзденсаулығына деген немқұрайдылық әлі де сақталған. Өтірік пе? Ендеп зерттеңізші,мыңдап мысал табасыз. Алысқа ұзаудың қажеті жоқ. Дәріхана алдындағы кезекке көзсалыңыз. Аурухана мен емханаларды айналып шығыңыз. Күрк-күрк жөтелетін біз. Қаныбасым кісі аз ба, елімізде? Демікпе дертіміз. Немесе көк бауыры сыр берген, бүйрегіндекінәраты барлардың тізімін келтірейік пе? «Мұхаметжан айтты» деген мына біршумақты қараңызшы:
«Қазағым, кейде рас, Құлагерсің,
Құлагер қашан енді құлап өлсін?
Жарнамаға алданып жастарымыз
Көңіліне қайдан иман-шуақ енсін».
Құлагер екеніміз де рас шығар. Бірақ құлапөлу арғымақтың серті емес қой, мұраты бәйгеден келу емес пе? Ауыздығымен алысып,аламанда топ бастауымыз керек еді ғой, ендеше. Денсаулық додасында да! Ақылғажүгініп, иманға бағынып, биіктіктерді бағындыруымызға не кедергі, сонда? Ғылыммен білімді былай қоялық. Осы өз денсаулығымызды шыңдаудың қарапайым жолынбілмейміз бе? Әдісі мен тәсілін неге меңгермедік? Әлеуметтік жағдай сын көтермейді. Ол енді әлгідәріні, дәруменді алуға тұсау болсын. Қымыз ішіп, қазы жеуге қаржы жетпес.Бірақ өзге амалы жоқ па, сонда?
Дене тәрбиесі денсаулық кепілідесек ше?
«Спорт»газетіндегі алғашқы мақаламыз әлі есте. Бас редактор әрі ұстазымыз НесіпЖүнісбаев тақырыбын өзгертті. «Денсаулығыңды қысқарт!» Түсініктеме арқылы негеолай аталғанын ұғындырады тағы. 1991 жыл болу керек. Сол кездегі Жоғарғы Кеңес республикабюджеті талқыға түсіп, денсаулық сақтау ісіне және дене тәрбиесіне бөлінуі тиісқаржыны қысқартып тастапты. Студенттер спортын өркендетуге үлес қосқан көрнектібапкер әрі депутат Темірхан Досмұхамбетовті тауып алып, сұхбат алдық. Өзге демамандарды сөйлеттік. Бәрінің айтары бір: Қазақстанға дәл қазір денсаулық асақажет екенін алға тартты. Кейін бюджет қайта қаралды. Әлгі мақала өзінше әсеретті. Бірақ біз жазылған дүниенің екіншіқырына ешкімнің назарын аудара алмадық. Бүкіл мәселе бір ақша бөлінуімен бітесалмайтын еді. Халық та дене тәрбиесіне жете мән беруі тиіс болатын. Басқазаман еді. Кешегі Кеңес Одағы ыдырай бастады. ГТО тапсырып, алғашқы әскеридайындықтан ажырай қоймаған тұсымыз. Дегенмен сол бағыт қожырай түскен. Кешендітүрде ешкімді тексермейді. Спорттық бабын, қаншалықты шыныққанын. Жоғары оқуорындарында да дене тәрбиесі толық дәрежеде өтпейтін. Мектепте пән мұғалімдерітапшы. Балуан тектес ұстаздар сабақ бергеннен базар жағалағанды тәуір көрді.Соны байқаған біз өзімізше дабыл қағып едік. Кейін бұл мәселеге мүлде ешкім басқатырмады. Өнеркәсіп те, зауыттар мен фабрикалардағы 5 минуттық «физкультминут»та әлгі кәсіпорындармен бірге күресінге кетті. Сол кездің ескерткіші секілденіп,Владимир Высоцкийдің әні ғана қалды. Есіңізге түсірейік пе?
«Если вы в своей квартиреЛягте на пол, три-четыре!Выполняйте правильно движения.Прочь влияния извне,Привыкайте к новизне!Вдох глубокий до изнеможения».
«Терең дем алыңыз» дей ме? Міне, бұл үлкен мәселе. Былайша айтқанда,қарапайым көрінеді, алайда қазір соның қатты қажетілігі сезіледі. Дем жетпейқысылғанда. Мамандар «COVID 19 ақылды вирус» дейді және қатты өмір сүргісікеледі екен. Жылы, жұмсақ жерге сүңгіп кетеді. Танау, ауыз қуысымен жылжыпотырып өкпеге қоныстанады. Құр жатса жарайды. «Тірі организм» секілді қорек іздеп,әсіресе ауа жұтқанды аса қалайды. Қандағы керегін түгел тауысып, онықоюландырады. Тіпті бірнеше есеге дейін. Тіл тартпай кетудің бір себебі солболса керек. Қалай күресеміз? Білікті мамандар өкпені шынықтыру керек дейді.Демек, осы тыныс алу гимнастикасы шыңдайды. Білетіндер бірнеше нұсқасын ұсыныпжүр, қарапайымынан бастап, күрделісіне дейін. Тіпті ауырып жатқандар да жасауышарт екен. Қанша қиын болса да. Нұрбала Алиева аталған медбикенің әкесі COVID19 жұқтырып, науқасы асқынып, беті ары қарай береді. Өзі де елордада сондайнауқастарды емдеп жүрген Нұрбала жұмысынан сұранып, құстай ұшып туған ауылынабарады. Әкесін өзі қолға алады. «Екпені де салдық. Ентіккеніне қарамай, тынысалу гимнастикасын тынымсыз жасата бердік, – дейді Нұрбала. – Шіркін, біздің қазақденсаулықтың қадірін білсе ғой. Және оның қадірін ауырмастан бұрын ұқса қандайкеремет! Әкем де, әкем секілді ел тұрғындары да ауруды мойындай қоймайды. Сәлсалқындап қалдық дегеннен аспайды. Бәрін түсінемін. Күнделікті күйбің тіршілік.Бірақ басқа емес, осы тыныс алу гимнастикасына күніне үш минут уақыт бөлсеғой». Үш минут қана! Ал ондай ұқыптылықты бізге кім берсін? Алла қолдап, сақайып кеткен екен, әкесі. Ендіәлгі жаттығуды дағдыға айналдыра ала ма? Күмән көп.
Кеудең ашыса серуенде!
Соңғы рет қашан серуенге шықтыңыз? Ол, жалпы,күнделікті дағдыңызға енген бе? Ауыл қазағы ше? «Онсыз да мал жайғап жүрміз»дейтін шығар. Мейлі, ол да дене тәрбиесіне жатсын. Алайда серуеннің жөні бөлек.Алла тағала нәсіп етіп, әлемнің бірнеше елін араладық. Қытай барсаң, серуенгешыққан халық. Лондонда да сол көрініс. Америка халқы да жүгіріп, спорттықжүріске салып, қасыңнан өтіп бара жатады. Етжеңдісі де. Еңкіш тартқаны да. Жапонныңұлттық салтына айналған ба дерсің. Және көбіне таң бозынан серуенге шығады.Таза ауамен тыныстайды. Денені қыздырады. Күнделікті тіршілікке бейімдейді. Арыкетсе жарты сағат уақыт жұмсайды. Қазақ баяғыда айтып кетті. «Ерте тұрғанәйелдің бір ісі артық. Ерте тұрған еркектің ырысы артық». Біз ше? Күн шыққаншажататын қасиетіміз бар. Оны мойындау керек. Жалқаулық па? Білмедік. Білетініміз– тағы да сол денсаулыққа мән бермеу. Бай оптимистік көзқарас. «Басқа салғанынкөреміз». Ал амал ше?
Омар (р.а) халифаның кезінде болса керек.Әмірші бесін намазын мешітке келіп оқып, артынша жұмысына асығыпты. Есіктеншыға бере өзара сөйлесіп отырған топ кісіге көзі түседі. Мән берместен кетебарады. Бірнеше сағаттан кейін екінті намазын да жаңағы мешітке келіп, шығартұста әлгі жамағатқа қайта көзі түседі. Не істеп жүрген адамдар екенін білгісікеліп, қастарына барады. Жөн сұрасса, тақуа болғысы келіп, күндіз-түні мешіттеқұлшылық жасауға бекінгендер екен. Халифа дереу ашуға мініп, мешітқызметкерлеріне бұларды қуып шығуға әмір береді. Әрі мешітте ғана құлшылықжасауға бекінгендерге айыптап, «Амал істеңдер. Шаруаға жегіліп, табыс табыңдар.Бала-шағаны асыраңдар! Ол да Алла тағала бұйырған игі істер қатарынан». Абдуллаибн Масғұт былай дейді: «Таразының бір басына хазіреті Омардың ілімі, екіншіжағына жер жүзіндегі адамдардың ілімі қойылса, Омардың ілімі ауыр тартар еді».Демек, әмірші сенім мен еңбектің бірге өрілуін дұрыс санайды.
Ал денсаулық сақтауға қатысты айтқан мынабір сөзі бүгінге де үлгі болса керек. Әмірші бірдеүлкен қарынды адамды көріп: «Бұл не?» деп сұрайды. Ол: «Алланың берген берекеті»деп жауап береді. Омар (р.а) оған: «Береке емес, жаза!» деп сөгеайтқан». Жазадан сақтасын! Ал денсаулықты ойлау әбестік емес. Тағы да солзаманнан бір нұсқау. «Әмірші науқас жандарға сауықпайынша, үйлерінен шықпауғакеңес беретін. Дененің физикалық пішінін сақтаудың маңыздылығын ескертіп,«Балаларыңды жүзуге, садақпен атуға, атқа мінуге үйретіңдер деп айтатын». Суғажүзу өнер шығар. Алдымен дене тәрбиесі үшін аса қажет. Садақ ату да. Ал атқаміну қазақтың өмір сүру қалпы. Өкініштісі, мына заманда үшеуі де қат. Жеті өзенөрнектеген Жетісу демесеңіз, су тауып түсудің өзі мұң. Дариямыз, көліміз бар десек те. Оған да шүкір.Атқа қазір ауыл балалары да аса құмар емес. Міну бар да, күтім жағы тағы қажет.Қолда ат ұстайтын кісі қайда? Ішіп-жемі дегендей. Садақ туралы сөз жоқ. Бірді-екіліүйірмелер жұмыс істейтін шығар. Алайда ол жақтағы мәселелер де шаш етектен.Шіркін, сол үш бағытта да жұмыс жүріп, бала-шаға, үлкен- кіші ниет танытса, нұрүстіне нұр еді ғой. Сондықтан қазір жаяу жүргенге жетері жоқ. Рас, соңғы кездеқалалы жерде, сабақтар маңында серуендеп жүретін жандар бар. Дегенмен әлі дебұқаралық сипат ала қойған жоқ.
Қырылып жатқан қазақ қана ма?
Әлеуметтік желіде осындай сұрақ жиікөтеріледі. Қырсыздығымыз ба екен, біздің ұлт дене тәрбиесіне ғана емес, жалпы,денсаулық сақтау ісіне жете мән бермейді. Өзіміз, туыс-туғандарымыз да сондай.Бойдағы селқостық па, жоқ әлде немқұрайдылық па, әйтеуір, сау кезде дәрігеріздемейміз ғой. Дәрігер қайда, дәрігерлік тексеруден өтуді өзімізге қорлықкөреміз. Қай қазақ қант мөлшері мен өз ағзасының өлшем бірліктерін сақ етіпайта салады? Және ол қашанғы көрсеткіш? Әсел Жақаева аталған дәрігерді тыңдадық.«Қазақ профтексеруден өтуге асықпайды. Тіпті бір көзінің нашар көретінінемханаға қаралған кезде біледі», – дейді. Маманның лекциясынан талай нәрсетүйдік, өзіміздің сауатсыз екенімізді мойындадық. Коронавирус шалғысынаіліккендер де сол денсаулығының жай-жапсарын білмейтіндер шығар-ау дептопшылаймыз. «Жазмыштан озмыш жоқ» екенін де білеміз. Қаныңыз қою ма? Қысымыжоғары ма? Тыныс алуыңыз ше? Табан астында жауап беретін қазақ аз. Талдамалартуралы талап етудің өзі артық.
Өзге ұлттарда өзгеше мәдениет қалыптасқан.Ауырып ем іздегенді ұнатпайды. Ауырмайтын жол іздейді. Көбіне тауып жатады.Ауылда орыс кемпірлерінен көретінбіз. Неше түрлі шөп тұнбасын ішіп отырады.Күзде тау кезіп шикізат жинайды. «Тарбағатайы бар елдің ауруы мүмкін емес қой»дейді. Не түрлі дәрумендерге тұнып тұрған өлке екен. Бір ғана Тарбағатай ма?Қазақтың кез келген елді мекенінде дәрілік шөптер бар. Оны түстеп тануғасауатымыз жетпейді. Ата-бабамыз білді. Әке-шеше үйренбеді немесе ұмытты. Түптепкелгенде, ұлттық медицина да тоқтап қалды. Әйтпесе бұрынғы қазақ құрым киіздікүйдіріп басып та талай жараны емдеп алды. Оташы, сынықшы дегендер де болды.Қан алушыны да көрдік. Тамыр ұстап, диагноз қоятындарды да. Үзбе дегенді деестідік. Ілменің емін білді. Өкпеге құрт түскенді де анықтай қойып, емдеп жазыпалатын. Қайбір үйде қарт кісі дүниеден өткенде қалың дәптері қалыпты. Ішіндегірецептіні білетіндер «ажалдан басқаның бәрінің емі табылатын еді» дейді. Қайтаайналып соғып сұрасақ, келіні иығын көтереді. Қазына деп қарамаған. Мұндаймысал әр ауылдан кездеседі. Оны мұра көрген кім бар? Жинаған кісі кездесе ме?
Тағамтанусаласының тарланы саналатын академик Төрегелді Шарманов жылқы еті пайдалы дегенді жиі айтады. Өзі қысы-жазықымыз ішетін көрінеді. Біздің қазақ жылқы шаруашылығына да салақ қарады. Биесауатын кісіні емге таппайсыз. Тіпті ауылдарда да. Рас, кейбір шаруа қожалықтарыенді мән бере бастады. Қымыздың да бағасы удай, екінің бірі іше алмайды. Оны датүсінеміз. Өнбейтін өндіріске, күмәнді кәсіпорынға қаржы аямайтын біздің үкіметнеге осы жылқы шаруашылығына ақша салуға арланады екен? Онда да мұхит кешіпбарып, алып келетін арғымақ тұқымдастардың түкке керегі жоқ. Өзіміздің жылқыларше? Бірақ оған тағы да кедергі көп. Ауылда жүрген жылқыдан ештеңе қарбытыпүлгермейді. Бағасы белгілі дегендей. Тағы да сол ұлт денсаулығына балта шабудыңбір бағыты. Әйтпесе анау Сауэрлерге сауылдатып көмек беріп жатыр ғой. Тағы дасол денсаулыққа қатысты болған соң тілге тиек еттік.
Әсел дәрігердің тағы бір айтқаны – сорпапайдалы екен. Жоқ, сорпаның пайдасын Әсел айтқан соң біле салмадық. Бұрыннансанамызға сіңген. Мысалы, жатар алдында етке тойып алатын қазақтың қалайұйықтайтынына әлем таңғалып жүреді дейміз. Сыры – сорпада. Сорпа – қазіргімезим, ас қорытуға қызмет жасайды. Әлгі сорпа COVID 19-бен күресте де алғы шепте екен.Альвеолаға әсері бар. Балықтың торсылдағы секілді. Қарапайым тілмен айтсақ,өкпе маңын майымен қаптап тастайды да, вирусыңыз тайып жығылады екен. Мамандаржеріне жеткізіп түсіндіретіні анық. Біздің ұғымда сол – сорпаның пайдасы зор.Сурфактант тұрғысынан келгенде. Ғылымға салайық па, сорпа майы тыныс алу кезінде альвеолярлы эпителийді жабатын тіндіксұйықтық беткі қабатының керілуін азайту арқылы әсер етіп, альвеолақабырғаларының ыдырауына жол бермейді.Қазақ сорпаны біліп ішкен. Қазіргі бала оған қалай қарайды? Сорпа дегенде,былқытып асылған еттің бал татыған сорпасын айтамыз. Ауырғанда, әсіресе, қойсорпасы қатты әсер етеді. Сиыр мен жылқыныкі де жарайды. Тағы да сол ет жей алмайтынұрпақ өсіп келеді. Солардың сорпаны да жарытып ішетініне күмәніміз бар.
COVID пенбит
Кейбіреулерезу тартуы мүмкін. Мәселенки, бит эпидемиясы басталды делік. Кісі біткенніңбасы қышып, кейбіреуі алдымен жабысқақ, кейін сірке, ақыр соңында шаш арасынанбит тауып алсын. Жарқанаттан тарай ма, жоқ вирус зерттеп, құты араластырыпотырған қолқанаттан тарай ма, паразитің жайылып кетті. Кінәліні кейін жазғыражатар. Қазір індетпен күрес қана маңызды. Рас, ешкім қырылып қалмайды. Дегенменқос қол үнемі жоғары көтерілсе де жайсыздық туындайды. Қоғам қасынып отырсажақсы ма?
Битболғанда да, суыққа тоңбайтын, ыстыққа жанбайтын. Климат ауысса, жаны кіретін,құрлық талғамайтын, қала ма, дала ма, таңдамайтын бит. Не істемек керек еді? Елбіткеннің есі шығып, шекарасын жауып, адамдарды үйге қамап, төтенше жағдайжариялап әбігерге түседі. Көшеде жан адам жоқ. Жұрттың бәрі үйде қамалып отырделік. Ай отырды халық үйінде. Екі ай отырды. Биті барлар басын тыр-тыр қасиды.Тарағы бары сүзіп қояды. Кейбіреулері антибитке жүгінеді. Қысқасы, әркім өзжағдайын күйттеп, тазарудың жолын қарастырады. Басым көпшілігі бейқам. «Биткеөкпелеп, тонды отқа жағам ба» дейді.
Ал көпшіліктің тарағы жоқ болса ше?Тарауға ебі болмайды, мысалы. Бас жақтан самайға адасып келіп қалғанын тырнақұшымен іліп түсіп, бырт-бырт сығады. Антибит жағы тіпті қат. Әне, үйге тығылғанжұрттың басымен әуре болған үкімет жоқ. Қысқасы, екі айда басыңды тазаладың ба,битің тазаланды ма дейтін жан пендені көрмейсіз. Кеңес айту, емге шақыру қайда. Карантин аяқталды. Енді жұртқа ептеп, көшегешығуға рұқсат. Кафеден кофе ішуге, кісі аяғы көп баспаған мейрамханада, шағынқұрамдағы тойға барудың реті келіп тұр. Бастағы бит те беймарал өмірге көшкен.Анда-санда бір тістеп алмаса, аса мазаламайды да. Құйқа үйренген бе, қолдыбасқа апару жағы да сиреді.
Бит бір жаққа кетті ме? Жоқ! Бұрын қонақтағанбастарда емін-еркін өмір сүріп жатты. Бас егесі бас сұққан жер битекеңе де жақсытаныс бола бастады. Көптенкөріспегендердің басы түйісе қалады. Битке тіпті жақсы. Жаңа мүмкіндік, тыңөріс екенін білген, бұрынғы мекенінде бәсекелестікке төтеп бере алмаған кейбірбиттер жаңа қонысқа көшіп алды. Арада біраз уақыт өткенде, басы қышығандар саныартып шыға келді.
Солбиттің кеңінен таралмауы үшін не істелінуі керек еді? Бүкіл ел карантинде жатқандадәрігерлер, мамандар үй-үді аралап, кімнің басы биттеді, соларды емдеуге кірісуікерек еді. Басты сабынмен жуып, сауығып кетемін деушілерге оның құр әуре екенінайтып, ем қабылдауға көндіру керек болатын. Қажет десеңіз, дімкәс барлардыаулап, көнбесе, мәжбүрлеуі тиіс еді. Басы парзиттен қайысып тұрғандарын емхана,аурухаларға әкеліп, емдейтінін емдеп, жатқызатынын жатқызу керек еді. Қысқасы,эпидемияны тоқтауға күш салу мақсат саналатын. Ауылдағы, қаладағы жұрттың басытолық тазарғанда ғана шектеулерді алып тастау мүмкін еді.
Коронавиурскелгенде ше? Битпен күреске қарсы әдісті қолдансақ, қазір мұртты балтакеспейтін ба еді. Хубей дедік. Ухань дедік. Солардың амалын зерттеген біреу барма? Олар қалай жеңді? Жолын біз білдік пе? Бес ай үйде ұстауға болатын шығар.Бірақ сол кезде елді вирустан аршып алу мәселесіне де бел шеше кірісуіміз керекеді-ау. Көз жұмбаймыз. Мемлекет тарапынан көп шаруа жасалды. Ақша берілді.Азық-түлік таратты. Тағысын тағылар. Бірақ үй-үйді аралап, адамдарды тексеріп,күмәндісін бәлніске әкетті дегенді естімедік те, көрмедік те.
Біздікі білместің сандырағы ғана. Тағы да солбілімді халифаға жүгінсек. Бірде Омар (р.а) түн ішіндесерігімен бірге Медине көшелерін аралауға шығады. Қалжырағандықтан жолдағыүйлердің бірінің қабырғасына сүйеніп тұрғанда, ар жақтан анасы мен қызыныңәңгімесі естіледі. Анасы: «Қызым, анау тұрған сүтке су қос, таңертең сатуғашығасың» деді. Сонда қыз: «Омар бізге сүтке су қосуға тыйым салды емес пе?»дегенде, анасы: «Сені Омар көріп тұр деймісің?» деп жекиді. Қыз: «Омар көрмеседе, Алла көріп тұр ғой» деп жауап береді. Қазір ше? Дәріге баға қосып сату, көмекке келгенінқоймаға тығып қою. Дерттің үлкені осы! Тыйым бар, бірақ олар тыйылмайды.Өйткені мәдениеті солай қалыптасты. Сылып тастайтын сиырдың ноқаласы емес.Пышаққа да көнбейді. Ауру асқынып тұр. Қауіпті вирусты жеңуге болатын шығар.Кеңірдекті ойлайтындардың жазасын беру бізге жат.
Ұлы далада соғыс жүріп жатыр. Ар меннәпсінің майданы. COVID:19оларға төреші ғана.
Амангелді СЕЙІТХАН