Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:00

Араға үш жыл салып Путин мен Макрон телефон арқылы сөйлесті

Макрон
Фото: zhasalash.kz (ЖИ)

Әңгіме барысында тараптар Таяу Шығыстағы ахуалға, әсіресе Иран мен Израиль арасындағы шиеленіске назар аударды.

Көшбасшылар Иранның бейбіт ядролық технологияны дамытуға құқығы бар екенін, алайда бұл Қаруды таратпау туралы шартқа сай жүзеге асырылуы тиіс екенін атап өтті.

Путин мен Макрон өз елдерінің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері ретінде аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге ортақ жауапты екендерін атап өтті.

Сондай-ақ, Украина төңірегіндегі жағдай сөз болып, Путин Батыс елдерін Ресейдің қауіпсіздікке қатысты мүдделерін елемеді деп айыптады және Киевке көрсетілген қолдауды сынға алды. Оның айтуынша, Батыс жылдар бойы Украинада Ресейге қарсы плацдарм дайындап келген және қазіргі таңда Киев билігін заманауи қару-жарақпен қамтамасыз ету арқылы қақтығыстың ұзаққа созылуына ықпал етіп отыр.

Ресей президенті егер келіссөздер қақтығыстың түпкі себептері мен жаңа аумақтық шынайылықтарды ескерсе, диалогқа дайын екенін мәлімдеді.

Өз кезегінде Франция президенті Эмманюэль Макрон атысты тез арада тоқтатуға және келіссөздерді бастауға шақырды.

«Владимир Путин Украинадағы қақтығыстың түп-төркіні — Батыс мемлекеттерінің ұзақ жылдар бойы Ресейдің қауіпсіздік мүдделерін елемеуі екенін еске салды. Олар Украинада Ресейге қарсы плацдарм қалыптастырып, орыс тілді тұрғындардың құқықтарының бұзылуына көз жұмып келді. Енді, керісінше, қақтығысты ұзаққа созуға мүдделі болып, Киев режимін түрлі заманауи қару-жарақпен қамтамасыз етіп отыр», - деп мәлімдеді Кремль.

Путин мен Макрон БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері ретінде аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау бойынша өз елдерінің жауапкершілігіне де тоқталды. Екі ел басшылары жақын арада тағы да телефон арқылы сөйлесуге уағдаласты.

БҰҰ Ресей мен Франция президенттері Владимир Путин мен Эммануэль Макрон арасындағы телефон арқылы өткен әңгімені құптайды. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының өкілі Стефан Дюжаррик журналистерге арналған брифингте мәлімдеді.

«Біз екі ел арасындағы кез келген диалогты, әсіресе ең жоғары деңгейде өткенін құптаймыз», - деді Дюжаррик.