Арал теңізіне экспедиция аяқталды

31.05.2018, 20:33

41

Қазақстанның ұлттық географиялық қауымдастығының 20 күнге созылған QazaqGeography «Арал 2018» ғылыми экспедициясы аяқталды. Экспедиция мүшелері Арал теңізінің оңтүстік және солтүстік бөліктерін түгелдей аралап, зерттеп қайтты.Экспедиция 7000-ға жуық шақырымды жүріп өтіп, Қазақстанның тоғыз облысы мен Өзбекстанның жеті облысы және Қарақалпақстан аумағын қамтыған.Арал теңізін зерттеген ғылыми топ оның солтүстік және оңтүстік жағалауындағы гидрологиялық-гидрохимиялық параметрлерді өлшеп, зерттеулер жасаған.  Экспедицияға қатысқан Назарбаев университетінің гидробиологтары су сынамаларын алып тексерген.Ғылыми экспедиция жетекшісі Нұржан Алғашовтың айтуынша, алдын ала зерттеу нәтижелері Арал теңізіндегі тұздылық деңгейі 3,5 промилледен 130 промилле аралығында екенін көрсетіпті. Қызығы, Н.Алғашовтың сөзіне қарағанда, Солтүстік Аралдағы ащылық деңгейі Оңтүстік Аралға қарағанда әлдеқайда төмен. Айталық, Оңтүстік Аралдағы тұздылық деңгейі 130 промилле, ал бұл мұхиттағы орташа тұздылықтан төрт есе жоғары көрінеді.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    11:11
  • Мұғалімдер vs Кітапханашылар: Аймағамбетов кім жағына шығады?
    01.12.2020, 10:11
  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04