Аралас мектепті, шұбар тілді Қазақстан
Келмескекеткен кеңестік кезеңнің қазақ ұлтына, тіліне жасаған қиянаты туралы сөз қозғап, қанымыздыбасқа шаптырып, ашуға ерік бермей-ақ қоялық.
Кіжін-кіжінбе, ол кезең өтті, кетті.Лайым қайтып келмесін. Жарайды, ол кездеКремльге қарап бет түзедік, Мәскеубарлық мәселені орыстың мүддесі төңірегінде шешті делік, ал бүгінгі тәуелсіз қазақ билігінің не ойлағаны бар? Басқасын былай қойғанда, қазақтың тілін, яғни мемлекеттік тілді мемлекеттік деңгейге көтереалмаған соң, ұлтаралық тілге айналдыруға шамасы келмеген соң, не сорым? Бұл биліктен не қайыр? Биліктің орыс тілінде, Ресей тілінде сөйлейтінін, сол тілде ойлап, тіпті сол тілде түс көретінін қазақақпарат құралдары жаза-жаза жауыр болды. Бірақ өзгерген дүние жоқ. Өзгере де қоймас. Неге? Оған жауап даяр.
Өйткеніелімізде бықыған орыс мектептері мен аралас мектептер бар. Онда миллиондаған бала білім алады. Әрине, мемлекеттік тілде емес, Ресей тілінде. Ал олар өсіп-жетіліп, біразы билікке барады. Сол жерде тағы да орыс тілінің көсегесін көгертері анық. Демек, бізге бұл пәледен құтылатын жоліздеу керек. Бұл жөнінде журналист Жолымбет Мәкіш былай дейді: «Бізге ең үлкен қауіп орыс мектептері мен аралас мектептерденкеліп жатыр. Бұларда оқитындардың 70 пайызы қазақ балалары. Өзімізді өзімізқолдан мәңгүрттеп жатырмыз. Осы мектептерді бірінші жабу керек. Онда да,алдымен, аралас мектептен бастап, оларды біртіндеп қазақ мектебіне айналдырабастауымыз керек».
Ащы да болса шындық. Аралас мектептердің жыл өткен сайын көбейіп жатқаны жөнінде сенатор Динар Нүкетаева дадабыл қақты: «Елімізде күндізгі жалпыбілім беретін мектептердің саны – 6973. Оқушылардың саны – 3 млн 250 мың.Оның ішінде қазақ тілінде оқытатын – 3726, орыс тілінде оқытатын – 1181, аралас тілде оқытатын 2043 мектепбар. Басқа тілде оқытатын 23 мектеп бар: оның ішінде 12 мектеп өзбек тілінде,11 мектеп ұйғыр тілінде. Яғни аралас тілді мектептер жалпы мектеп санының 30пайызға жуығын құрап отыр. Бұл әлемдеешбір елде кездеспейтін, тек қана Қазақстанда бар жағдай. Бұл үрдіс оданары да жалғаса беретін болса, одан кейін қазақ тілінің тағдыры, ел тағдырықалай болатынын ешкім болжап айта алмайды. Еліміздегі аралас тілді мектептердіңсоңғы бес жылдағы жағдайына қарасақ, 2016 жылы – 2045, 2017 жылы – 2037, 2018жылы – 2046, 2019 жылы 2054 мектеп болған. Ал 2020 жылы аралас тілді 2043мектеп жұмыс істеп, онда 1 393 727 оқушы білім алып жатыр. Демек, 2016жылмен салыстырғанда осындай мектептерде оқитындардың өсу тенденциясы жыл сайынүдеп, олардың саны 196 715 оқушыға дейін артқан».
Бұл сенатордың айтқаны. Нақты дәлелмен соқырға таяқ ұстатқандай етіп, билікке қауіптің қай жақтан екенін көрсеткені. Бұдан билік қорытынды шығаруы керек. Шындыққа тура қарайтын болсақ, аралас мектептерде қазақ тілінің емес, орыс тілінің дәурені жүріптұрғаны белгілі. Демек, мұндағылардың дені Ресей тіліндесөйлейтіндер десек те болады. Бұл жақсылықтың нышаны емес. Егер де елімізде қазақ тілінің мерейі үстем болсын,мейманасы тасысын дейтін болсақ, алдымен осы саланы реттеуіміз керек. Яғни біріншікезекте аралас мектептерді азайту неболмаса қазақыландыру қажет. Бұдан қорқатын ештеңе жоқ. Ешкімге зорлық көрсетіп жатқанымыз жоқ. Заңға томпақ келмейді. Баяғыдай Мәскеудің қас-қабағына қарайтындай емес.Бұл мемлекеттің ішкі саясаты, ұлт мүддесін қорғаудағы жансебіл тірлігі болмақ. Аралас мектептерді қазақыландыру, бір сөзбен айтқанда, қоғамдағы қазақ тілі мәселесін шешудің төте жолы. Ұлтты сақтап қалудың амалы. Осыны естен шығармайық.
Күлтегін БЕК