Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:21, 18 Қыркүйек 2024

Аралды құтқару бойынша бірнеше бастама жүзеге асырылып жатыр

1

Арал қазір әлемдегі ең ауыр экологиялық апаттардың біріне тап болып отыр. Оның көлемінің азаюы және су сапасының нашарлауы қоршаған орта мен жергілікті халық үшін елеулі теріс салдарға әкелді.

 Аралды қалпына келтіру – кешенді көзқарас пен практикалық шараларды қажет ететін күрделі міндет.

Аралды құтқару халықаралыө қорының бастамасымен 18 қыркүйекте бірнеше шара қабылданды. Бұо шараға елімізден бөлек, Өзбекстан, Түркменстан, Қырғызыстан, Тәжікстаннан делегация келген. Бүгінгі шара барысында Солтүстік аралға 2 млрд текше мертр су құйылғаны аталып өтті. Осылайша Солтүстік аралдағы су қоры 22 миллиард текше метрге жеткен.

Арал теңізін сақтап қалудың маңызды қадамдарының бірі - көлді қоректендіретін өзен арналарын қалпына келтіру. Әмудария мен Сырдария өзендерін сумен қамтамасыз етуді қалпына келтіру жобасы тұщы су ағынын арттыруға және көлдің одан әрі кебуін тоқтатуға көмектеседі. Бүгінгі отырыста Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Аралды құтқару қорының басшысы президент Тоқаев екенін айта келіп, биыл Солтүстік арал үшін жемісті жыл болғанын тілге тиек етті.

«Биыл Солтүстік аралдың суы 22 млрд текше метрге дейін жетті. Солтүстік Аралда су көлемінің одан әрі ұлғаюын қамтамасыз ету үшін біз су дипломатиясын күшейтіп, Солтүстік Арал теңізін қалпына келтіру жөніндегі жобаның екінші кезеңін әзірлеп жатырмыз», - деді министр.

Аралды құтқару – мемлекеттердің, ғылыми ұйымдардың және жергілікті қауымдастықтың бірлескен күш-жігерін талап ететін күрделі де көп қырлы міндет. Су ресурстарын қалпына келтіру, оларды басқаруды жақсарту және тұрақты экономиканы дамыту бойынша практикалық қадамдар оң өзгерістерге әкелуі мүмкін. Аралды қалпына келтіру тек экологиялық ғана емес, ұзақ мерзімді және мақсатты көзқарасты талап ететін әлеуметтік-экономикалық міндет екенін түсіну маңызды.

Тегтер: