Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:00, 07 Сәуір 2023

Әрбір азамат әскерге бару міндетін сезіне ме?

None
None

Қазақстанның қорғаныс саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталатын болсақ, еліміздің бірқатар өңірінде «Жастарға патриоттық тәрбие беру және жастар арасындағы салауатты өмір салтын қалыптастыру» әлеуметтік жобасы аясында жастарды патриотизмге тәрбиелеуге қатысты ақпараттандыру жұмыстары атқарылып келеді.

Елімізде жауынгерлік қызмет пен әскери қызмет ерекше құрметке ие болғандықтан, оған артылатын жүктің салмағы да жеңіл болмасы анық. Соған орай, отанымыздың тәуелсіздігін қорғап, тыныштығын сақтау, мемлекеттің шекарасын күзету басты жұмыс саналады. Осыған орай еліміздің әскери бөлімдерінде, арнайы түсіндірме жұмыстары жиі өткізіліп тұрады. Атап айтқанда азаматтарды әскери қызметке шақыру, әскерге шақырудан бастау немесе шақыруды уақытша кейінге қалдыру, әскери билетті бір ай ішінде алу, немесе баламалы әскери қызметтен қалай өтуге болатындығы, қазіргі таңдағы әскери қызметтегі мемлекеттік әлеуметтік қолдау шаралары жөнінде ақпараттандыру жұмыстары жүргізіледі. Оның ішінде елбасы жарлығына сәйкес, 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтарды әскерге шақыру жұмыстары кіреді. Ал шақырушылардың әскерге жарамды екенін тұрғылықты мекенжайы бойынша аталған бөлімге барып, медициналық тексерістен толық өтеді. Осылайша, әскерге жарамды азамат Отан алдындағы борышын өтеуге сақадай-сай дайын болады. Сондай-ақ жас сарбаздарды іріктеуден бөлек, қазір әскерлерді қазіргі заманғы қару-жарақпен, жаңа техникамен қамтамасыз ету жұмыстары әр өңірдегі бөлімдерде жалғасын табуда. Одан бөлек әскери қызметтегі азаматтарға әлеуметтік, медициналық, қаржылық көмек пен тұрғын үй бойынша көптеген жеңілдіктер қарастырылған.

Осыған сәйкес, жуырда Отырар ауданында әскерге шақыруға қатысты жиын өткізілді. Жиынға аудан әкімінен бастап, жергілікті Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, подполковник Мұхтар Әуезұлы қатысты. Жиынның күн тәртібінде көктемгі әскерге шақыруға қатысты мәселелер мен медициналық тексеру жұмыстарын ұйымдастыруға қатысты мәселелер қаралды. Онда Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Мұхтар Әуезұлы баяндама жасап, көктемгі әскерге шақыру кезеңінде орын алған кемшіліктер мен оларды шешу жолдары қарастырылды. Яғни онда әскери жұмысқа берілген тапсырманы 100 пайыз орындау қажеттігі айтылып, ауылдық округтармен бірлескен жұмыс күшейтілуі керектігі баса айтылды. Сонымен қатар өзге де өңірлерде, қала аумағында әскери қызметтен жалтарып, қашып жүрген азаматтарды іздестіруге аймақтар бойынша учаскелік полиция инспекторлары жұмылдырылып, заңға сәйкес шаралар қабылдау арқылы шақыру қағаздарын алған әскерге шақырушылардың шақыру пунктіне келмеуі секілді фактілерді жою жұмыстары жүктеліп, соған сай жұмыстар атқарылып келеді.

Тегтер: