Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:22, 18 Қаңтар 2023

Әрбір азамат қазақша білуі тиіс. Біз сонда озамыз!

None
None

Тіл – әр ұлттың ұлттық ерекшелігін білдіретін код. Тіл – мемлекеттік құндылықтар мен мүдделердің негізі.

Ұлтты тіл ұйыстырады.

Қазақстанда «Тіл туралы» заң 1997 жылы қабылданды. Онда мемлекеттік тілді дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Өйткені қазақ тілін үйрену мен тарату – ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Қазақ мемлекеті, қазақтың қоғамы қазақ тілімен өмір сүрмегенде басқа қай тілде өмір сүруі керек?

Былтыр қазан айында еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің болашағы қазақ тілінде деді. Адамның туған ана тілі бірінші орында болуы тиіс екенін мемлекет басшысы еске салды. Тіл саясатын дамыту мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтумен тікелей байланысты.

Тоқаев ел азаматтарын қазақ тілі дамымай жатыр, оған мемлекеттік және үкіметтік тараптан қолдау жасалмай жатыр деген ойдан арылуға шақырды. Қазақ тілінде біраз газет, біршама журнал шығады, интернет ресурстар қазақша жазады. Қазақ тілінде блогерлер жазады, әртістер мен шенеуніктер сөйлейді. Қазақ тілінің мәртебесі жыл өткен сайын артып келеді.

Қазақ тілі қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында елде қазақ тілін тегін үйрететін орталықтар жұмыс істейді. Оған үй шаруасындағы әйелдерден бастап депутаттарға дейін барады.

Соңғы жылдары қазақша дыбысталу сапасы қатты көтерілді. «Аватар. Су жолы» фильмінің қазақша нұсқасы кассаға түскен ақшасы бойынша рекорд орнатты. Қазақша дыбыстау сапасында мін жоқ. Тыңдай бергің келеді.

Мемлекеттік тілді қолдаумен тек мемлекет қана емес, БАҚ, блогерлер, кинематограф және жеке кәсіпорындардың айналысқаны өте маңызды. Содан болар, Тоқаев бизнесмендерді тіл мәселесін назардан шығармауға шақырды.

Қазақ тілін үйрету мәселесінде Обухов кен-байыту комбинатын өзгелерге үлгі деуге болады. «Тиолайн» компаниясында бірнеше жылдан бері қазақ тілін оқытатын тегін курстар бар. Ең кереметі, қазақ тілін үйренуге ниет білдірген кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысына 25 пайыз үстемеақы төленеді. Қызметкерлерге қазақ тілін үйрету бағдарламасын компания өкілдерінің өздері әзірлеген.

2022 жылдың жазында «Тиолайн» ЖШС-ның YouTube-тегі каналында компания қызметкері Елена Рогожинамен емтихан жарияланды. Емтиханға «билер кеңесі» мен кәсіпорынның атқарушы директоры Виктор Долгалев қатысты. Олар Рогожинаның білімін бағалады.

Рогожина қонақтарға шай ұсынып, өзінің өмірбаянын қазақ тілінде айтып берді. Сөйтсек, ол ағылшын тілін тәп-тәуір меңгеріп алып, енді қазақ тілін үйренуге деген құлшынысы қатты оянған екен. Өйткені өзі араласатын достары, әріптестері мен таныстары арасында қазақтар аз емес. Отанымыз Қазақстан болса, онда әрбір азаматтың парызы қазақ тілін білу дейді ол. 

Долгалевтің сөзінше, тіл үйренудегі ең маңыздысы тәжірибе. Көптеген азаматтарымыз мемлекеттік тілде сөйлей салудан қорқады. Мазақ боп қалам ба, мені түсінбей қала ма дегендей. Сондай қорқынышты жеңу керек. Тіл үйренуге кедергі жасайтын ештеңе болмауы керек.

— Лена емтиханды алғашқы болып тапсырды. Енді біздің ұжымымыздың жартысы орыс. Ақша жерде жатпайды. Оқыту тегін. Қазақшаны меңгеру деңгейіне қарай жалақыға 20-25 пайыз ақша қосып береміз. Ешқайда барудың да қажеті жоқ. Елена уақытын текке өткізбеді. Курстарға күн сайын қатысып жүрді, біз оған жалақысына қосымша ақша төлеуге дайынбыз. Мемлекеттік тілді үйрену деген талпынысынан қалай айналып кетпейсің, дейді Виктор Иванович.

Өткенде Билер кеңесі мен кәсіпорынның атқарушы директоры Виктор Долгалев кәсіпорынның тағы біз жұмысшысы Игорь Рудых деген жігіттен емтихан қабылдады. Ол тұрмыстық қазақ тілінен емтихан тапсырыпты.

Үш адамнан тұратын Билер кеңесі одан өз өмірбаянын қазақша айтып беруді сұрады. Мұндай сауалды күтпеген Игорь Рудых басында қипақтап қалса да, артынан кәдімгідей айтып берді. Қазақстанда туғанын. Семейден шыққанын. Мектепті айрықша белгімен бітіргенін. Сосын Томскіге оқуға кетіп, алты жарым жыл Ресейде оқығанын. Қазір Обухов кен-байыту комбинатында жұмыс істейді. Бойдақпын деп қояды тіпті.

Мектепте жүргенде қазақша ептеп білуші едім дейді. Бірақ Ресейде өткізген алты жарым жылында ұмытыңқырап қалыпты. Енді комбинаттағы тегін курстардың көмегімен қазақшасын қайта еске алып жатыр. Екі айдың ішінде тұрмыстық деңгейге жарайтындай деңгейде қазақша сөйлейтін болыпты.

Билер кеңесінің өкілі айтқандай, алты жыл Ресейде тұрып келген адамның қазақ тіліне қызығушылық танытқаны құптарлық қадам. Игорь Рудыхтың қазақшасы билердің көңілінен шықты.

— Мәселе оның қатесінде емес, құлшынысында. Қазақтардың арасына кіргізіп жіберсең, сөйлесіп кететін түрі бар. Бұл өте жақсы, деді билер кеңесінің бір мүшесі.

Виктор Долгалев айтқандай, Обухов кен-байыту комбинатында ұлты қазақ 185 қызметкер жұмыс істейді. Тіл үйрену үшін тәжірибеге мүмкіндік бар.

— Игорь ақырындап қазақша сөйлей бастады. Елена Рогожина қазақшаға судай болып барадыҚазақ тілін үйрену керекЕмтихан тапсыруға келіңіздер, қорықпаңыздар! Игорь өз айлығына қосымша 200 доллар алып жүр. Аз ақша деп кім айтты мұны, дейді Виктор Иванович.

Долгалев үміттенеді екен. Әрбір қазақстандық кәсіпорын Обухов кен-байыту комбинатының өнегесіне еріп, қазақ тілін үйрететін курстарын ашса екен деген.

Тегтер: