"Ардақ Назаров жеке клубын жарнамалап қалғысы келді"

26.12.2018, 19:33

40

Өткен аптада Алматыда AlemFigters жекпе-жек клубының ұйымдастыруымен турнир өтті. Турнирге екі бірдей белбеу тігілген. Бірақ, екеуі де шет елден келген спортшылардың қанжығасында кетті. Titan FC 51 xалықаралық турнирінің өткеніне бір аптадай уақыт өткенімен, ел ішіндегі түрлі пікірлер әлі толастар емес.Елдің негізгі пікіріне арқау болған нәрсе – басты жекпе-жекке шыққан Бейбіт Назаровтың жеңіліп қалуы. Көпшіліктің пікірінше, өз елінде өтіп жатқан жекпе-жекке мақтаулы Бейбіт НАЗАРОВ тым сылбыр болды. Жеңіске деген жігер байқалмады...Осыған орай, жас журналист Берікбол Төлеген Faсebook парақшасында былай деп жазды:«- Жігіттер, бауыр мен рудың намысынан қазақтың намысы биік болуы керек еді. Жекпе-жек пен астындағы пікірлерді толық оқып шықтым. 90 пайыз халық ренжулі. Халық айтса, қалып айтпайды дейді. Халықтың сын-пікірін көреалмаушылық деп қабылдауды қою керек. Одан кейін кішігірім бір турнирді жеңіп, "Әлем чемипионымыз" деп айтуды қашан қоясыздар? Радиода жүргенімде Бейбітпен сұхбаттасқан едім. Ешнәрсені ашып айтпайды. Иә интернеттен шықпайтын, иә ресми сайты жоқ турнирді ұтып, чемпион болдық деген соң журналистер де жаза салады. Дереккөз өздері ғана…Неге мықты қазақтарды басты кездесуге шығармадыңыздар? «UFC-ге шыққан тұңғыш қазақ» деген атақ үшін қаншама адамның жолы кесілді. Қайта, шүкір, шетел қазағы бұл атақты иеленіп қойды. Қашанғы мың клуб ашып бір-бірлеріңіздің жалдарыңызға жармаса бересіздер?»Ал, бұл жолғы чемпиондық белдеудің салмағы қандай еді? Бұл туралы спорт журналисті Серік НОЯНБАЙ былай дейді:«Titan FC 51 xалықаралық турнирінде біз «Alem Fighters” жігіттерінің қоғадай жапырылып ұтылғанын көрдік. Негізгі файд кардтқа енгілізілген 7 жекпе-жектің тек біреуінде қазақстандық спортшы жеңіске жетті. Басты айқастың бірінде өнер көрсеткен Қазыбек ӘШІМОВ үш жылдай сегізбұрышқа шықпаған болатын. Қазыбек — кәсіпқой мансабында бұған дейін тек 6 кездесу өткізіп (кездесу алдында 13-3 деп көрсетті), тең жартысын ұтылған файтер. Бабы келіспей тұрған спортшыны белбеу үшін айқасқа шығару — үлкен қателік еді. Өзге айқастардың ішінен тек Бейбітті атап өтуге болады. Ол 5 минуттан 5 раундқа төтеп бере алатынын дәлелдеді. Егер чемпиондық атақты жеңіп, кейін оны 2-3 мәрте қорғаған жағдайды UFC жайлы сөз етуге болар еді. Бұл турнир қазақстандық ММА өкілдерінің алауыздығын, көптеген файтерлердің үлкен деңгейге дайын еместігін көрсетті. Егер әр салмаққа елімізге белгілі, мықты спортшыларды жекпе-жекке шығарғанда бәсеке басқаша болар еді. Ардақ Назаров өз жігіттерін және жеке клубын жарнамалап қалғысы келді».Сондай-ақ, журналистің бәске тігілген белбеудің әлемдік рейтингтегі дәрежесі туралы да пікірін білгенбіз:«Titan FC промоушенін аса беделді деп санау қателік. Бұл ұйым әлемдік рейтингте 21-орында тұр.  UFC Fight PASS плотформасында бұл турнир ақылы түрде көрсетілді және сайысты 100-ден аса ел тамашалады деген ақпарат негізсіз. Қорыта келгенде елімізде үлкен деңгейлі ММА бәсекесін өткізуге әркім құмар болса да, әзірге бұл санаулы жандардың қолынан келеді. Себебі ең кем дегенде 150 000-200 000$ бюджет керек. Екіншіден мұндай сәтсіз сайыстар ел ішіндегі демеушілердің алдында ММА саласының беделін түсіріп, келешегіне балта шабады», дейді Серік Ноянбай.Ал, осы турнирдің басты ұйымдастырушысы Ардақ Назаров өзінің Instagram парақшасында бастысы жеңіс емес, осындай үлкен турнирдің Қазақстанда өтуі дегенге көбірек тоқталды.«Біз екі жыл нәтижелі жұмыс жасап, Американдық промоушенды Қазақстанға алып келуіміздің өзі үлкен жеңіс. Мұндағы мақсатымыз – Қазақстандық жігіттердің деңгейін әлемдік шыңға көтеру. Ел үйренгендей қарсыластарын таңдап алып келіп, барлығын сабап жібергеннен спортшыларымыз өспейді. Осындай жарыстар арқылы жігіттеріміз өседі. Біз жаңа белеске шықтық. Әділ жарыс болды. Мықтының бағы жанды. Үлкен тәжірибе алдық. Кемшілігімізді, қателіктерімізді көре білдік», — дейді ол. Ал, Бейбіт Назаров спорттағы өмірінің осымен тоқтамайтынын, сол себепті сабыр ететінін айтуда.  Фото: prosports.kz
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

13.05.2020, 05:46
Қайрат Тұрлыханов өмірден озды
11.05.2020, 12:13
Илья Ильин спорттық карьерасын аяқтады
26.04.2020, 08:43
Илья Илин қайырымдылық акциясына үлес қосты
25.04.2020, 08:01
Футболшылар маскамен ойнайды
24.04.2020, 07:11
Не қымбат: футбол ма, адам ба?
21.04.2020, 10:23
Жақсының жалғасы едіңіз аға

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42