Архангельск Путинград атана ма?!
Архангельск қаласының бұрынғы әкімі Александр Донской қалаға Путинград деген атау беруді ұсынды.
Ол «Газета.Ru» басылымына берген сұхбатында Владимир Путиннің өмірбаяны мен қала арасында ешқандай байланыс жоқ екенін, қала атауын Путинград деп өзгерту аймаққа инвестиция мен турист тарту үшін ғана қажет екенін айтқан.
«Мәселе мынада, байланыс (Путинмен) жоқ. Президент бізде тумаған, оқымаған, өмір сүрмеген, бұл — қала үшін үлкен кемшілік. Менің идеям мынадай: кемені қалай атайсың, ол солай жүзеді. Өкінішке орай, Архангельск — үнемі күйреп тұрған қала. Кейінгі жаңалық — қала әкі нашар жол үшін 2 миллион рубль айыппұл салынды. Қала ескі, апаттық жағдайдағы тұрғын үйлердің саны бойынша көшбастап тұр. Менің ойымша, қала Путин аталса, бұл қалаға инвестициялар тартуға, Архангельск қаласын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға және туристерді тартуға мүмкіндік береді. Мұндай атауы бар қалада шенеуніктер, депутаттар нашар жұмыс істей алмады», — деді Донской басылымға берген сұхбатында.
Экс-шенеунік Шешенстан астанасын мысалға келтірді, онда Путин даңғылына өтетін Қадыров даңғылы бар.
«Грозныйда Қадыров атындағы көше бар және жағдайы жақсы. Ол жерде екі рет болдым, бізге көп нәрсе үйрену керек», — деп атап өтті Донской.
Ал Донскойдың бұл пікірне қатысты әкімшіліктің баспасөз қызметіндегілер «Донской — жеке тұлға. Бұл тіпті әзіл түрінде де талқыланбады», — деген болатын.
Оқи отырыңыз: Ресейдің көңіл күйі Қазақстанға қалай әсер етеді?