Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:23, 14 Сәуір 2022

Әріптесінің атынан несие рәсімдеген әйел ұсталды

None
None

Түркістан облысының полицейлері әріптесінің атынан жасырын түрде  1 000 000 теңге  несие алған күдіктіні құрықтады.

Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметің хабарлады.

Созақ аудандық Полиция бөліміне  жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оның атынан белгісіз біреу несие алып, 1 000 000 теңге шығын келтірген. Бір айдай уақыт өткен соң «банктен несиеңізді төлеңіз» деген хабар келгенде, жәбірленуші тәртіп сақшыларынан мән-жайды анықтауға көмек берулерін сұраған.

Полиция арызданушының шағымына сәйкес қажетті іс-шараларды жүргізді. Тексеру жұмыстары нәтижесінде осы қылмысқа қатысты күдіктіні анықтап, оны тұрғылықты мекенжайынан  ұстады. Алаяқтық жасаған жас әйел жергілікті тұрғын және  жәбірленушінің  жұмыстағы әріптесі болып шықты.

Анықталғандай, күдікті келіншек жәбірленушінің  ұялы телефонын қоңырау шалу үшін сұрап алып,  сол сәтте банк қосымшасына кіріп, несие рәсімдеген. Содан кейін тұрғынның есепшотына түскен ақшаны өзіне аударып, қомақты қаражатты өз пайдасына жұмсап жіберген.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, күдіктінің басқа да осындай алаяқтық қылмысына қатысы бар-жоғы анықталуда.   

Тегтер: