Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
05:08, 02 Қыркүйек 2020

Әріптестер лебізі қашанда құнды

None
None

Мен Сандуғаш Зәкарияновамен бірге 1992-1996 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ қыздар педагогикалық институтында оқыдым.

Студент кезінен өзінің терең білімімен көзге түскен Сандуғаш Зарыққанқызы тобымыз бен курсымыздың мақтанышы болды. Алға қойған мақсаттарына үнемі  еңбекқорлығы мен табандылығының  арқасында жете білетін. Сонымен қатар барша курстастарын оның бойындағы ақындығы мен әншілігі тамсандыратын. Факультетте өткізілген көптеген сайыстарда ерекше білімділігімен көзге түсіп, жоғары нәтиже көрсетті. Сөйтіп, институт қабырғасында оқыған жылдары өзінің сан қырлы талантымен танылып, жоғары оқу орнын үздік дипломмен бітірді.

Жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін Алматы қаласы Түрксіб ауданы С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектепке қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде жұмысқа орналасып, 24 жыл бойы аталмыш білім ордасында жас жеткіншектерге сапалы білім мен саналы тәрбие беруде. 28 жылдан бері Сандуғаш Закарияновамен шығармашылық байланыстамын. Осы жылдар аралығында ол өзін шебер ұстаз, тапсырылған әр іске үлкен жауапкершілікпен қарайтын ұйымдастырушы ретінде көрсетті. Мұғалімнің берген терең білімінің арқасында  оқушылары қалалық және республикалық деңгейдегі байқауларда жеңімпаз атанды. Көптеген кәсіби байқауларға қатысып, жүлдегер атанды. Мақалалары мен үздік сабақ жоспарлары республикалық баспасөзде үздіксіз жарияланды. Оқу-әдістемелік жұмысқа белсенді араласып, «Мектеп» баспасынан шыққан 11-сыныптардың қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарына арналған  әдістемелік құралдарды жазды.

Сандуғаш әрқашан әріптестері мен жас мамандарға қол ұшын созады, әдістемелік тараптан қолдау көрсетеді.

Ол – қалалық «Қазақ тілі» кабинетінің әдіскері, педагог-шебер, әріптестері, шәкірттері мен ата-аналар арасында айрықша беделге ие, ерен еңбегімен танылған ұлағатты ұстаз.

Мунасаева Рая Нуровна, Алматы қаласы Бостандық ауданы М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,

Тегтер: