Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:10

Арыста 4 жасар бала дәрігерлердің салғырттығынан қайтыс болды

Ауруханадағы бала
Фото: ЖИ

Арыстың орталық ауруханасында 4 жасар Алирахман Сейітхан екі апта бойы комада жатып, 23 қазанда көз жұмды.


Туыстарының айтуынша, дәрігерлер дер кезінде көмек көрсетпегендіктен баланы аман алып қалу мүмкін болмаған.

Бала 10 қазанға қараған түні ауруханаға жеткізілген. Анасы Ұлжалғас Жүзейдің сөзіне қарағанда, олар түнгі сағат 3:30-да келгенімен, таңғы 9-ға дейін бірде-бір дәрігер келмеген. Сол уақыт аралығында баланың жағдайы күрт нашарлаған.


Медициналық мекемеде қажетті жабдықтар — МРТ және КТ аппараттары болмағандықтан, нақты диагноз қойылмапты. Тек ата-ананың бірнеше шағымынан кейін ғана Астанадан арнайы реаниматолог жіберілген, бірақ ол келгенше бала өмірден өткен.

Баланың отбасы медицина қызметкерлерін немқұрайлық танытты деп айыптап, істі әділ тергеуді талап етіп жатыр.

Тегтер: