Арқалық пен Рудныйдың бұрынғы прокуроры Марат Оспанов 4,5 жылға сотталды
 
                                        Қостанай қаласының №2 сотында Марат Оспановтың ісі қаралды. Ол бес жыл бойы Арқалықтың, ал бір жыл Рудныйдың прокуроры қызметін атқарған. Тергеу барысында оған ірі көлемде пара алу әрекеті бойынша айып тағылған.
Алайда оны ұстау кезінде тәркіленген 20,1 млн теңгенің 8,1 миллионы жалған ақша болып шыққандықтан, айып «ірі көлемде пара алу әрекеті» бабы бойынша қайта сараланды.
Соттағы соңғы сөзінде Оспановтың өзі отбасымен бірге айыппұл төлеуге дайын екенін айтты. Оның ағасы әрі қорғаушысы Темірхан Оспанов туыстарының банктегі есепшоттарында 500 млн теңгеден астам қаражат бар екенін растайтын құжаттар ұсынды.
31 қазанда сот Марат Оспановты кінәлі деп танып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді және өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.
