Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:46, 28 Сәуір 2023

Әркімнің діни сенімін ардақтау – асыл қасиет

None
None

Дін – қоғамның нәзік иірімі. Сарапшылардың айтуынша, қоғамда ауызбіршіліктің сақталуы мен халық арасындағы татулықтың орнығуында діннің алатын орны маңызды.

Қазақстанның демократиялық ұстанымға ұмтылуы алдыңғы буынның кеңес кезеңіндегі атеистік саясаттан арылуына және азаматтардың діни таңдауын жүзеге асыруына септігі мол. Ал бұл өз кезегінде, егемендікке қол жеткізген жылдары дін саласын реттейтін жаңа заңның қабылдауына жол ашты. Республикамызда алғаш рет 1992 жылдың 15 қаңтарында «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заңның қабылдануы осыған дәлел. Жаңа серпіннің арқасында ел тұрғындарының діни сенімі ұшталып, діни бірлестіктердің кең қанат жайды, ғибадат үйлері көбейді. Уақыт талабына орай қабылданған тұңғыш заң өз міндетін толық орындады. 2000 жылдары шетелден келетін миссионерлер мен түрлі ағымдардың артуы мемлекеттік қауіпсіздігіне қатер төндіре бастады. Осы кезде, дін істерімен айналысатын ведомствоның түрлі министрліктердің қол астына өтуі жоғарыдағы қатердің дер кезінде жоюға бөгет тудырды. Ел ішін жайлаған қауіп діни радикализм мен экстремизмнің ошағын маздатуға шақ қалды. Бірақ нәубет түбірімен ауыздықталды.

– Шетелдердің діни мемлекеттік саясатына зер салсақ, оларда көптеген кофессиялар мен конкордат құрылып, келісім-шарттар бекітілді. Миссияларын идеологиялық сипатта іске асыратын арнайы технологиялары болды. Мәселен, 1930 жылдардағы АҚШ-тың бейтараптық актілері мен «Ленд-лизинг туралы» заңы және 1998 жылы жарық көрген Religioution Persecution Act заңының қабылдануы осыған дәлел. Өркениет үрдісіндегі мемлекеттердің заңнамаларын жіліктесек, олар діни бірлестіктердің байланысына қатаң қарап, бір жақты ретке келтіріп отырған. Ол әсіресе Францияға қатысты. Италия, Бельгия, Австралияда тек кейбір конфессияларға ғана ерекше құқық берген моделі болған. Ал АҚШ пен Еуропа елдерінде адам құқықтарын қорғау саласында едәуір тартымды тәжірибе бар екенін айта кеткен жөн, – дейді сарапшы Мейрам Иманбаев.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы халыққа арнаған жолдауында қазақстандықтардың міндеті бірінші кезекте қоғамдық келісімді нығайту екенін айқындап берді. Ол мемлекет құрушы ұлттардың конфессияаралық келісімін қорғау және бекемдеу экстремистік идеяларға тосқауыл болатын тетік деп көрсетті. Сондықтан Қазақстан осы жолда төл саясатын берікғ әрі кешенді жүзеге асыра бермек, – деді ол.

Расында да зайырлы республикамызда әр ұлттың қай дінді қаласа өз қалауына жол берген. Әйткенмен, жергілікті ұлт өкілдері үшін дәстүрлі дін қоғамда ерекше рөлге ие. Ең бастысы – ел арасындағы татулық пен келісімге іріткі салмай, әркімнің наным-сенімін қадірлеу міндет. Себебі діни саясаты қалыптасқан мемлекеттің келешегі қашан да нық.

Тегтер: