Арктика маңындағы апат: Путин Норильскіде ТЖ жариялау туралы ұсынысты мақұлдады

04.06.2020, 12:26

4

Ресей президенті Краснодар өлкесінде мұнай өнімдерінің төгілуіне байланысты федералдық деңгейде төтенше жағдай жариялау туралы ұсыныспен келісті.

29 мамырда Норильск-Таймыр энергетикалық компаниясына тиесілі қоймалардың бірінде саңылау пайда болып, 20 мың тонна мұнай өнімі төгіліп, 350 шаршы метр жерге жайылған. Мұнай өнімдері топырақ, су және жолға да төгілген.

Төтенше жағдай министрі Евгений Зиничев Норильскіде төтенше жағдай жариялау туралы ұсыныс айтқан. Оның сөзіне қарағанда министрлікке мұнайдың төгілгені туралы ақпарат екі күн кешігіп жеткен. Владимир Путин оған ақпараттың уақытында жетпеу мәселесін құқық қорғау органдары зерттеуі тиіс деп айтқан. «Коммерсант» басылымының жазуынша, президент биліктің Норильскідегі жағдайды әлеуметтік желіден білгеніне назаланған.

Бұған дейін Путин қатысқан отырыста табиғи ресурстар және экология министрі Дмитрий Кобылкин төтенше жағдай министрлігінің мамандарынсыз, тіпті әскерилердің көмегінсіз апаттың салдарымен күресуге шамасы жетпейтінін айтқан. Оның айтуынша, аймақ билігі жиналған отынды өртеуді ұсынған.

«Жағдай өте күрделі. Арктика аймағында осынша көлемдегі отынды қалай жағуға болады, елестетудің өзі қиын» деді министр.

Төтенше жағдайға байланысты 3 қылмыстық іс қозғалған. Апат болған ТЭЦ-3 цехының бастығы ұсталған.

Greenpeace экологтары Норильскідегі оқиғаны Арктика шеңберінде болып отырған ірі апат деп бағалайды. Осыған ұқсас жағдай Аляска жағалауында 30 жыл бұрын болған. Краснодар өлкесінде тіркелген «Плотина» экологиялық ұйымының жетекшісі Александр Колотов Норильскідегі апат жылдар бойы өзен балықтарына және сол маңдағы тіршілік иелеріне қауіп төндіреді деген.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39