Арман Әлменбет. Тоғыз жылдан кейінгі кездесу

20.09.2019, 07:03

62

— Сол, есік алдына гаражды жөндесем бе деп… Өзің неғып жүрсің? — деді Бауыржан. С дедй деді де, сұрағына жауап алмастан Азатты екінші рет құшақтай алды. — Сені көргеніме қуаныштымын, бауырым. Рас айтамын, ей.

Мғз болғаннан көзі мөлт-мөлт етіп кеткен Азат аузына сөз түспей, күле берді.

— Журналист, самсахана бар еді, соған барайықшы, — дед Содан Кейин.

Бауыржан жерге қойып қойған екі пакетіне қарады:

— Мыналарды машинаға қоя кетейік онда?

— Қайда еді машинаң?

— Ә, бне бір жерде тұр.

— Кеттік онда.

Екеуі гу-гу еткен базарданшығып, автотұраққа қарай бет алғанда, ыж-ыж етіп базардың тұсынан өткен жәнетар жерде баяу жылжып, бір-біріне баж-баж етіп белгі берген көліктердің үні қаумалапалды. Күн шыжып барады. Ыстық көктен де, асфальт төселген жерден де, тоқтаптұрған көліктердің темірі мен әйнегінен де ұрып тұр.

Бауыржанның көз алдына Азаттыңтаяқ жеген күні келді. Осыдан тоғыз жыл бұрын еді ғой. Бұл талай рет сол күндіегжей-тегжей еске алып, әбден жаттап алған. Қазір есіне алғанда рет-ретіменойлап жатпайды, бәрі бір тұтас болып келе қалады.

Бұлар өзі кілең жігіттер оқығанүлкен топ болды. Мамандықтары ауыр өндірістің тоғына байланысты болған соң, қызбалалар түсе қоймаушы еді. Отыз екі жігіт… Бауыржан – староста. Азат томағатұйық жігіт. Ауылдан келген. Бауыржан соның алдында бір жыл әскерге барыпкелген соң, әрі ересектеу, әрі біраз өмір көрген жігіт – бәріне аға сияқты еді.

Қалай сол күні ара түспейтартынып қалды, неге олай болды? Осы сұрақтар жылдар бойы Бауыржанды мазалапкеліп еді. Басында жиі ойлады, уақыт өткен сайын сейіле берді. Бірақ біржолаұмытылып кеткен жоқ.

– Сомен не істеп жүрсің? – дедіБауыржан у-шу кішкене азайған кезде. Жымиған күйі бұның артынан еріп кележатқан Азатқа қарады.

– Сен неғып жүргенімді емес,алдымен қашан шыққанымды сұрағың кеп келе жатқан шығар?

– Енді...

– Қысылма. Бәрімізге белгіліжағдай ғой...

– Иә...

– Бір жарым жылдай болдышыққаныма.

– Ерте босап шықтың ба сонда?

– Иә, төрт жылын кешірді ғой,әйтеуір. Қай машина еді сенікі?

– Міне, мынау.

– Мәссаған.

Екеуі қап-қара лексустың артжағына келіп тоқтады.

– Мықты. Не шенеунік, некәсіпкер болған екенсің ғой?

Бауыржан күліп жіберді.

– Бір үлкен фирмада атқарушыдиректормын. Соншалық қымбат машина емес бұл.

– Арзан да емес қой. Жақсыжұмыс болып тұр ғой жұмысың.

– Жаман емес енді. Одан шығатыншығармын, бірақ...

– Неге?

– Енді… – деп Бауыржан ұзақәңгіме ғой дегендей жымиып қойды. Азат қабағын көтеріп, ернін жымқырып, кімбіледі, менікі жай айтқан ғой дегендей ишара жасады. Ол машинаны көріп таңғалсада, төменшіктеп қалған жоқ. Бауыржан соны байқады. Осы тоғыз жылдың ішіндеекеуі де өзгеріпті, бірақ Азат көбірек өзгерген сияқты.

– Гараж жөндеп жатырмын дедіңбе? Жер үйде тұрасың ба сонда? – деп Азат әңгімені басқа жаққа бұрды.

– Иә, былтыр кіргенбіз.

– Өзің жөндемексің бе сонда?Өзбектерді неге жалдамадың?

– Өзім ермек қылғым келіптұр… Бәрібір істейтін ештеңе жоқ, демалысқа шыққалы...

– Ауылыңа неге бармадың?

Азат осыны сұраған кезде екеуісамсахананың ішіне келіп кірді. Есік жабылған кезде шу бұлармен кірмей, сырттақалып қойғандай болды. Екеуі сыртта айқайлап сөйлесіп келе жатқан еді, мынажаққа кірген соң, тыныштықты жатырқағандай боп, әңгімелерін үзіп алды. Босорынға жайғасып алған соң барып, Бауыржан жауап берді. Бұл кезде бірге оқығандосын көргендегі көңіл күйі басылып, күнделікті қиындықтары қайтадан есінетүсіп, жабырқай бастаған. Оның үстіне самсахананың іші де қараңғылау,үстел-орындықтары ескілеу, дастархандары да дұрыс сүртілмеген – көңілдіжадырататындай емес екен.

– Е-е-е, ауылға баратын бетжоқ, Азеке. – деді Бауыржан. – Қатын кетіп қалған. Бір айдан асты. Содан ғой,гараж жөндеймін деп жүргенім. Әйтпесе биыл ондай жоспар да жоқ еді.

– Ойбу, ыңғайсыз нәрседенбастаған екенмін онда әңгімені.

– Жоқ, ә. Сен меніңүйленгенімді де білмейсің ғой.

– Балалар бар ма еді?

– Иә, екі балам бар ғой...

– Енді, кеткеніне бір-ақ айболса, әлі реттеліп кетер.

– Солай болса жарар еді…Жарайды, мені қойшы. Өзің не істеп жүрсің базарда? Осымен нешінші рет сұраптұрмын. Айтпай қойдың ғой таза.

– Үлгермей жатқан жоқпын ба...

– Ал, айт енді.

Тура осы кезде даяшы келіп,екеуінен тапсырыс қабылдай бастады.

Тапсырыс беріп жатқанда Азаттыполиция ұстап әкеткен күн Бауыржанның көз алдынан өте шықты. Бұлар сабақтаотырған. Аудиторияның есігін қағып, бір майор басын сұқты да, ымдап мұғалімдішақырып алды. Сол сәтте-ақ Азат баяу орнынан тұрып, заттарын жиыстыра бастады.Өзіне келіп тұрғанын анық білді. Мұғалім есікті толық жаппастан полиция қызметкеріменқысқа ғана сөйлесті де, бері қарап Азаттың фамилиясын айтты. Бұл уақытта Азатзаттарын жинап болып, сумкасын иығына іліп жатқан. Есікке қарай беттеді. Турашығатын кезде группаға қарады да, «Ал, жақсы, жігіттер» деді.

Сол кеткеннен қайтып келгенжоқ.

– Біз, сол пәтерді жөндемек бопжатқанбыз. Әке-шешем осы жаққа көшіп келді ғой мен кеткен соң… Былтырдан берікішкене сауда жасап… Ауылдан ет әкеліп саттым ғой. Сомен біраз үйде реттеп,үйленсем бе деп жатқанмын.

– Не дейді, ей?

Бауыржан атып тұрып, Азаттыңжанына барып тағы да құшақтай алды. О баста кездескендегі көңіл күйі қайтыпкелгендей болды.

– Құтты болсын! Әңгімені осыданбастамайсың ба? Ал керек болса!

– Солай енді, жағдай.

– Керемет қой, керемет!Әке-шешең мәз болып жүрген шығар.

– Айтпа.

– Ой, тамаша болған екен ғой.Мен қызды танимын ба?

– Жоқ, танымайсың ғой. Біздіңжақтікі. Бізден жас. Өзің кімді алып едің? Мен танимын ба?

– Танымайтын шығарсың. Біздіңгруппадағы Думан бар ғой? – Бауыржан Думан туралы айтқанда Азат елең ете ме депеді, жоқ, ондай ештеңе байқатқан жоқ.

– Иә? – деді сұраулы жүзбен.

– Соның бір ағасы болушы едіғой? Жатақханаға келіп тұрушы еді ғой, есіңде ме?

– Қайсы, ана мұнайда оқитынжігіт пе?

– Иә. Соның туған қарындасы.

– Е-е-е… «Крутой» жердіңқызын алған екенсің ғой онда...

–  Енді… – Бауыржан бұл сөзді әзіл ретіндеқабылдап, күле салған болды.

– Бізден кіші ғой сонда?

– Иә, үш курс төмен оқыды.

– Е-е-е, мен кеткен соң түскенекен ғой… Уайымдай берме, енді. Әлі-ақ татуласып кететін шығарсыңдар. Проблемаңдыесіңе түсіріп жібердім бе, қайта-қайта әйелің туралы сұрап?

– Ол естен шығушы ма еді. Осыбір айдың ішінде одан басқа ештеңе ойлаған да жоқпын. Ішкенім ірің, жегенімжелім болып...

– Не болды сонда?

– Енді...

Бауыржан соңғы кездері көзіжеткен ақиқатты тағы ойлап өтті. Ажырасқан адамдар не үшін ажырасқанын ешқашанешкімге ашық айтпайтын сияқты. Тіпті екеуі бір біріне де айтпауы мүмкін. Басқанәрселерді сылтауратады. Ана ауыр мәселеге барғысы келмейді. Сол сияқты кезкелген қылмыс жасаған, қателік жасаған адам оның себебін басқа тұрмақ өзінен дежасыратын сияқты. Азат та ана бір адамды не үшін өлтіргенін ешқашан ешкімгеайтпайтын шығар. Жоқ, нақты сол адам екеуінің арасында болған жанжалдытергеушіге де, басқаларға да айтқан шығар. Бірақ не үшін өлтірді? Бұл туралыБауыржанның қорқынышты бір болжамы бар. Азатқа қатысты ойланғанда сол тұжырымғакеліп тоқтай беретін. Бірақ оны Азаттан сұрай алмайды. Сұраса да бұл ойлағандайжауап бермейтіні анық.

– Жарайды, айтқың келмесе, онықозғамай-ақ қояйық, – деді Азат.

– Айтуға болады негізі. Бірақ қиынмәселе ғой… Мен саған бірақ ақыл айта аламын. Үйленсең, ажыраспа. Кімажырасам деп ойлайды дейсің. Бірақ сен бірінші күннен бастап ажыраспауым керекдеп мақсат қой.

– Жарайды, – Азат жымия басынизеді.

Мынау бұрынғы Азат емес депойлады сол кезде Бауыржан тағы да. Ол Азат моп-момақан бала еді. Думаннан таяқжеген Азат – басқа адам. Сонда бір қарсылық білдіріп, қайрат көрсете алмайқалып еді. Өзі кінәлі болды, рас, бірақ сонда да айбат шегуіне болар еді. Басқажігіттер де қарап тұрмай, жазасын алғаннан кейін арашалап алуы керек еді. Думанбіраз артық кетіп қалды. Қаттырақ ұрып, құлаған соңда үстінен қарап тұрып, артығырақ сөздер айтып, тағы да ұрып, намысын езіпжіберді ғой...

Ал дәл қазір алдында өз-өзінесенімді, ұстамды жігіт отыр. Кәдімгідей мысы бар.

– Группаның жігіттері қалай? Думанқайынаға болған екен ғой саған? Ол не істеп жүр? Басқа кімдермен хабарласыптұрасың? – деді Азат. Думанның атын Азаттың аузынан естігенде Бауыржанның жүрегісу ете қалғандай болды.

– Бәрімен дерлік хабарласамынғой. Аман-есен. Біразы үйленді. – деп әңгімені басқа жақтан бастады. Жігіттердіңбіразын аттарын атап, жаңалықтарын айтты. Содан кейін барып Думанға оралды. –Думан екі рет үйленіп, ажырасқан. Студент кезде де автоматқа барып жүруші едіғой. Ақыры соған салынып кетті. Қолына ақша түссе, казиноға тартады. Алда-жалдакездесіп қап жатсаң, сенен қарызға ақша сұрауы мүмкін. Берме.

Азат бұл сөздерді естігенде неқуанған, не жаны ашыған түр танытқан жоқ. Жай ғана тыңдады да, қойды.

Даяшы буын бұрқыратып екеуінебір-бір самса алып келді. Жанында қып-қызыл шайы бар.

– Мына ыстықта осынша тойымдытамақ қалай болады екен, – деп қойды Бауыржан күліп.

– Мен түскі ас ішпеп едім,жақсы болды, – деді Азат еш алаңсыз.

– Түскі асты мен де ішкем жоқ.Қазір өзі қарным аш па, тоқ па, сезбейтін болдым. Алдыма тамақ келсе жеймін.Қарным ашқанын сол кезде ғана білемін. Былай түк тәбет жоқ.

– Өтер, кетер. Меніңтүсінгенім, уақыты келгенде кез келген қиындық өтеді. Өткенше шыдай аласың ба,жоқ па – мәселе сонда ғана.

Екеуі ауыздарын күйдіріп алмасүшін сілекейлерін тартып отырып, самсаны жеуге көшті. Бауыржан көптен берібұндай жерде бұлай тамақ ішпеген еді. Әріптестері, араласатын адамдары текқымбат жерлерге кіреді, асты баптап ішеді. Осылай емін-еркін, аузын толтырашайнап, сөйтіп отырып түсініксіз сөйлегеніне қысылмай, жұтып жіберген соң сөзінқайталап, қолыңдағы самсаға құмарта қарап алып, қайта асап отырғаны өзіне жағыпбара жатқандай.

– Ой, рахат-ай, – деді бір кезде.Бірақ осы сөзі өтірік екенін де ойлап үлгерді. Өзінің біржола ажырасып кетуалдында тұрғанын, қарсы алдында отырған Азаттың бір кездері жайдан жай адамөлтіргенін де еске алып өтті. Кейінгі кезде бірнәрселерді қайталап ойлай бергенсоң ба, миы осылай шаршап, басына не келсе де үзік-үзік күйінде келетін болғансияқты.

Азатты полиция алып кеткен соң,не болды екен деп бұлар барынша білуге тырысты. Сөйтсе, түнгі клуба өзіненүлкен бір жігітпен бірге ішіп, артынан қаланың сыртындағы жер үйге барған.Басында біреулермен жүрген болуы керек, соңынан бәрі тарап, екеуі ғана қалған. Екеуденекеу отырып тағы ішкен. Артынан сөзге кеп қалған да, төбелесіп, Азат әлгіадамды сыммен қылқындырып өлтіріп тастаған. Өлтірмесе болмайтындай жағдай емесдейді. Өйткені, өлген адам бұрын сотталмаған, шартпа шұрт мінезі де жоқ, арақішсе құр сөйлей беретін жігіт екен. Бірақ Азат соны өлтіріп тастаған. Неге?Бауыржанның ойынша, бүкіл топтың көзінде Думаннан таяқ жеген кезде ішіндеқатқан кекті ол солай шығарған болуы керек. Кісіні өлтірген соң түк болмағандайсабаққа келді. Полиция келген кезде өзіне келіп тұрғанын білді. Оған дайынболды. Сасқан жоқ. Кетіп бара жатып, топпен қоштасып кетті. Жасаған ісінемақтанғандай болды. Мен намыссыз, әлсіз жігіт емеспін, мен керек болса, адамөлтіре аламын, анау бір күні Думанды да өлтіріп тастауым мүмкін еді, әттең солсәт батыл бола алмай қалдым, енді ешкімді басыма шығармаймын деп кетіп баражатқандай болған.

– Көп ойлай берме, – деді Азаторнай қалған үнсіздікті бұзып. – Ой деген адамды жеп қояды. Айту оңай, әрине.Бірақ кейін түсінесің. Ең дұрысы, уайымға салына бермей, ақылға салып біройланып, шешім қабылдау керек те, сол бойынша алға жылжи беру керек.

Бауыржан өзінің болжамыдұрыс-бұрыс екенін Азаттан сұрағысы келіп кетті. Бірақ өзі неге ажырасып жатқанынайтпайтыны сияқты, Азат та ондай ауыр қылмысқа не үшін барғанын бәрібірайтпайды ғой деп ойлады тағы да. Адамдар ондай нәрсені айтпайды.

Бауыржан группаласына «Эсідже ме ...» деп басталатын бір көңілді әңгіменің шетін шығарғысы келді. Бірақ ойына түк келмей қойды. Өзінің ажырасуы еңсені басты ма, әлде Азатқа қатысты жалғыз ғана оқиға есінде қалып, басқасы өшіріліп қалған ба, түсіне алмады. Бірақ аздан соң, Азатқа қатысты «сол баланың жаждайы не болди екен» деп арасында алаңдайтын азапты ойынан құтылғанына қуанды. Еккімге өкпесі жоқ, өмірге риза болып, алаңсыз отырған Азатқа қарап, тағы да бір сүйсініп кетти де:

— Бауырым-ай, ризамын, ей, ленйленейін деп жатқаныңа, — деді. Азат жылы жыды да, екуінің де кесесін толтырып шай құя бастады.


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 12:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 15:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 15:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 15:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 15:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 15:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11
  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04