Арман Қырықбаев - біздің қамқорымыз

Бүгін Алматыда өтіп жатқан Қазақстан Жазушылар одағы құрылтайының негізі бөлімі аяқталды.
Сөз соңында Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары құрылтайды қолдағаны үшін, алыстағы қаламгерлерді арнайы алдырып құрмет білдіргені үшін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевқа алғысын білдірді.
Сондай-ақ қала әкімінің орынбасары Арман Қырықбаевты арнайы мінбеге шақырып «кітап оқитын, әдебиетке жаны жақын, біздің қамқоршымыз» деді.
Өз кезегінде Арман Қырықбаев:
"Қашанда қаламгерлерді қолдаймыз" деді.
Нақ қазіргі уақытта құрылтайға қатысушылар үзіліске шығып, Жазушылар одағының 102 басқарма мүшесі іріктеліп қалды. Олар дауыс беріп одақтың жаңа төрағасын сайлайды. Нақты кімдердің кандидат екені, Одақ төрағалығына кімдер ұсынылатыны, кімнің қанша дауыс жинап, төраға болары оның қашан жарияланатыны әзірге белгісіз.
Еске салайық, бүгін Алматыда Қазақстан Жазушылар одағының кезекті ХVI құрылтайы өтіп жатыр. Құрылтайда одақтың жаңа төрағасын сайлайды. Бұл қазіргі уақытта қоғамда қызу талқыланып жатқан мәселердің бірі.