Арманды аяқтан шалу кімнің арманы?

21.04.2020, 11:55

4

Аты дардайазамат, белсенді әрі бизнесмен Арман Шораевтың аяқастынан қамалып кеткені қоғамдыашық аспаннан найзағай түскендей абдыратып салды. Оппозициялық лагерьлерденкөріне қоймаған Арманның аяқастынан не «жазып қойғаны» мүлдем түсініксіз.

Алматы қалалықполиция департаментінің хабарлауынша, «Арман Шораев карантин уақытында бірнешемәрте шындыққа жанаспайтын ақпарат таратты» дейді. «Шындыққа жанаспайтын қандайақпарат?» деп, әлеуметтік желідегі парақшасын барынша сүзіп шықтық. Өткенніңорағын, кеткеннің күрегін алып қалатындай, біреудің ар-намысына соқтығатындайжазба көрмедік. Жалпы, бұл оқиғаға негіз болатын нәрсені табу үшін АрманШораевтың саяси-қоғамдық портретін анық бейнелеп алғанымыз жөн сияқты.

Арман еңбекжолын түкпірдегі Көкшетауда қарапайым тілшіден бастап, мансабы ғарыштықжылдамдықпен шарықтап, көптеген жауапты қызметтерді атқарып тастады. Ерінбестентізіп шығайық: тәуелсіз «Оқжетпес» телеарнасының директоры, КТК телеарнасыныңАстана қаласындағы арнаулы тілшісі, Ақмола облыстық телеарнасының төрағасы,«Хабар агенттігі» АҚ орталық бюросының директоры, 2005 жылы ҚазақстанРеспубликасы президенттігіне үміткер Н.Назарбаев штабының жетекшісі, «Хабарагенттігі» АҚ бас директорының орынбасары, ҚР президент әкімшілігіәлеуметтік-саяси бөлімінің аға нұсқаушысы, «Коммерциялық телевизиялық арна» АҚбас директоры, «Қазақ күресі» ұлттық федерациясының президенті, ҚР президентіжанындағы Ұлттық сенім кеңесінің мүшесі.

Былайшаайтқанда, қазіргі биліктің негізгі идеологиялық мектептерінің бірнеше сатысынанмұқалмай өткен. Қазіргі саяси жүйенің табасында қақталып, сорпасында былқыппісіп, әбден жетілген. Сөйте тұра, елдегі саяси-қоғамдық мәселелерде биліккежақпайтын қиғаш көзқарасын бұқпантайламастан, ашық айтатын батылдығыменхалықтың да көңілінен шыға білді. Биыл наурыз айында Ұлттық сенім кеңесіқұрамынан демарш жасап, шығып кеткен бірнеше белсендінің бірі де осы Арманеді. 

Білуімізше, Арман Шораев Көкше өңірінде бір емес, екібірдей демалыс орнына иелік етеді. Ол туралы белгілі журналист Олег Пономаревөзінің әлеуметтік парақшасында айтып өтті. Әрине, жаз айларында ине шаншыр орынтабылмайтын ондай «майлы шелпектің» аспаннан түсе қоймасы хақ. Шипажайларға қолжеткізуге биліктегі байланыстары көмек беруі де бек мүмкін. Яғни дәл осытұрғыдан қарағанда, Арманның билікке мүлдем өкпесі болмауы тиіс.

Жақында ғана Exclusiveбасылымына берген сұхбатта Арман Шораев бұрынғы биліктің біраз әрекетін аямайсынға алған. Арманның «Өртті бензинмен өшіріп жатырмыз» деген жанайқайынтақырып етіп қойған. Онда «Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің 70 пайызы аттөбеліндей 200 адамның меншігінде» деп айтып өтіпті. Дәл осы материалдаүкіметтің төтенше жағдайда уақытша жұмыссыз қалғандарды қолдау үшін 42 500теңгеден таратып беру саясатын да аямастан сын жебесіне алған. «Мәселе осыжерден шықты-ау» демек болсақ, онда да ештеңе жоқ сияқты. Өйткені әлгібасылымға берген сұхбатында «коронавирустан емдеу немесе оқшаулау үшін» 50орындық демалыс үйін облысқа тегін бергенін айтқан. Яғни билікке қарсы айтқансынын өз тарапынан жасалған қайырымдылықпен тігісіне жатқызған. Сондай-ақ бостұрған қонақүйлерді де сондай мақсатта пайдалануға беру, ол үшін кәсіпкерлердіқаржылай қолдай отырып, олардың да тұралаған бизнесін тығырықтан шығару туралысөз қозғайды. Сол сұхбаттан Арман Шораевтың банктерден несие алмағанын естіп-білдік.Яғни қаржылай да ешкімге кіріптар емес секілді.

 Ал бауырытуралы бейнеүндеу жолдаған қарындасы Әспет Бекмырзаева Арманды 18 сәуір күніҚарағанды тас жолында полиция ұстап әкеткенін хабарлады. Оның айтуынша, полицияқызметкерлері Арманның телефонын тәркілеп алып, заңгерімен сөйлесуге демүмкіндік бермепті. «Біз Арманды қамауға алудың нақты себебін білмейміз.Мәселенің анық-қанығын білу үшін отбасылық адвокатымызды жібергенбіз. АдвокатАрманға көмектесіп, кеңес беруі тиіс еді. Бірақ тәртіп сақшылары Арман менадвокатты жолықтырмаған. Таңғы сағат 6-да Арманды белгісіз бағытқа әкетіпқалыпты. Алматыға кетті ме, әлде Нұр-Сұлтанға әкетті ме, білмейміз», – дейдіӘспет. 

 Facebookәлеуметтік желісінде Арман Шораевтың қамалу себебін әркім әрқалай талдауғатырысып жатыр. Көптеген белсенділер мен блогерлер Арманды босатуды талап етуде.Сұрақты төтесінен қойған кинорежиссер Нұртас Адамбай: «Арман Шораев төтеншежағдайда «шындыққа жанаспайтын» қандай ақпарат таратты? Адамдар қандайақпаратты «шындыққа жанаспайды» деп есептеуі керек? Көпшілік қауым Арманның нежазғанын білгісі келіп, әлеуметтік желідегі парақшасын түгел ақтарып, оқыпшықты. Яғни полиция «шындыққа жанаспайтын» ақпараттың одан әрі кеңіректаралуына жол ашты. Бұл іс бойынша тергеп-тексеру амалдары ашық жүргізілуітиіс. Төтенше жағдай уақытында адамдардың арасына мұндай алауыздық ұрығынсеппеңіздер!» – деп ескертеді.

  Сот атқаруоргандары «Арман Шораевтың ісіне» қатысты екі рет мәлімдеме жасады. Алматықалалық соты  баспасөз қызметінің жетекшісіАбай Жарылқасын Facebook-тегі парақшасында: «Дәл қазіргі уақытта Алматы қаласының тергеу сотына ешқандай материалтүскен жоқ. Процеске БАҚ өкілдерінің қатысуына қатысты мынаны айтқым келеді:байланыс каналдары шектеулі, техникалық себептерге байланысты барлығыңызды қосаалмаймыз», – деп жазды.

 Қоғамда қаттыдүмпу тудырған оқиға бойынша жоғарғы соттың баспасөз қызметінің жетекшісі АйдосСәдуақасов әлеуметтік желідегі парақшасында: «Арман Шораевқа қатысты қылмыстық іс сот өндірісінде емес, сотқадейінгі тергеу деңгейінде. А.Шораевқа санкция беру ісі бойынша келесі нәрсеніхабарлаймын: қазіргі уақытқа дейін іс материалдары Алматы сотына келген жоқ.Процеске БАҚ өкілдерін қатыстыру – соттың жеке құқығы. Заң бойынша әділ шешімшығаруға араласуға ешкімнің, тіпті жоғарғы соттың да құқы жоқ. Сот қызметінеалдын ала үстірт баға беруден сақ болуларыңызды сұраймын», –деп жазды.

 Белгілі журналистМырзан Кенжебай болса Арман Шораев пен қоғам белсендісі Ілияшевтің кенеттентұтқындалуын «саяси ойын» деп бағалайды. «… Бұлекеуі… әлі біраз «отырып шығады». Олар қазіроппозиция актерлерін даярлау курсынан өткізілуде. Кейін «түрме азабын көрген «великомученик» атанып, сосынүлкен сахналық қойылымдар қоюға шығады» дейді.

 Инсайдерлікдерек көздері «Арман Шораевты бүгін-ертең босатады» деп хабарлайды. Оны уақыткөрсетер. Не десек те, белгілі қоғам белсенділерін белгісіз себептермен қамаудамушы мемлекетке абырой әпермесі хақ.

Тергеуші Арман Шораевтың ісіне қатысты бұлтартпасшара ретінде ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатты. Бұл туралы адвокатӘлімжан Оралбай хабарлады. «Қазір біз бостандықтамыз. Арманның жағдайы жақсы.Бұл сотқа дейінгі тергеу кезеңі. Бізді бүгін-ертең немесе кез-келген уақыттатергеуге шақыруы мүмкін. Қазір үйге кетіп барамыз» деді адвокат. Кеше қоғамбелсендісі Арман Шораев үйіне оралысымен мәлімдеме жасады. Онда елдегі төтеншежағдай кезінде тексерілмеген, шындыққа жанаспайтын ақпарат жариялағаны үшінөкінетіні айтылған.                                                                       

 Тоқтар ЖАҚАШ

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

11.08.2020, 13:22
Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар
07.08.2020, 12:39
Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ
06.08.2020, 13:36
«Біздің әкім белсенді»
04.08.2020, 13:05
Диқандар неге ашулы?
30.07.2020, 13:14
«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті
29.07.2020, 13:57
Алматыда құрбандыққа шалынған мал етін мұқтаж жандарға жеткізу ұйымдастырылады

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39