Армения: Ереванда ҰҚҚ бұрынғы төрағасының денесі табылды

19.01.2020, 02:59

3

17 қаңтарда Ереванда Арменияның ұлттық қауіпсіздік қызметінің бұрынғы төрағасы Георгий Кутоянның денесі табылды. Оқиға орнында құқық қорғау орган өкілдері жұмыс істеп жатыр деп хабарлады Азаттықтың Армян қызметі.

38 жастағы Кутоянның денесі Еревандағы жаңадан салынып жатқан үйлердің бірінен табылған. Оның денесінде оқ жарақаты болған.

Арменияның тергеу комитеті өкілдерінің айтуынша, оның денесін әйелі тапқан. Оқиға орнында қару да табылған. Тергеу комитетінің баспасөз хатшысы Наира Арутюнянның айтуынша, тергеу органдары адам өліміне байланысты бірнеше болжам жасап отыр. Олар адам өлтіру және суицид болуы мүмкін деген болжамды да қарастырып жатыр.

38 жастағы Георгий Кутоян Арменияның үшінші президенті Серж Саргсян командасының құрамында болған. 2016 жылы ақпан айында ұлттық қауіпсіздік қызметінің директоры болып тағайындалған. 2018 жылы Никол Пашинян бастаған «революциядан» кейін қызметінен кеткен. ҰҚҚ басшысы болғанға дейін ол Армения бас прокурорының орынбасары болған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Ахметовтің кадр саясаты ақсай бастады
    21:08
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13