Армения мен Әзербайжан бір-бірін атысты тоқтату режимін бұзды деп айыптады

22.07.2020, 20:59

24

Армения мен Әзербайжан бір-бірін шекарада атысты тоқтату режимін бұзды деп айыптады. Арменияның қорғаныс министрлігінің айтуынша, әзербайжан әскерилері өткен түні жеті рет атыс режимін бұзған. Ал Әзербайжан тарабы көршісін 38 рет ереже бұзды деп кінәлады.

Арменияның қорғаныс министрлігі Әзербайжан сарбаздарын шекарадағы бекетке шабуыл жасады деп те айыптады. Армян тарабының айтуынша, әскерилер қарсыластардың шабуылына төтеп беріп, ақыры қарсылас топтың әскері "ірі шығынға ұшыраған".

"Әзірге толық емес мәлімет бойынша, қарсылас тараптың арнайы жасағы шығынға ұшыраған. Бұған қоса, қолға түскен жауынгерлер де бар. Армян тарабынан шығын жоқ" делінген Арменияның қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада.

Ал Әзербайжанның қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Адам шығыны түгілі шабуыл болған жоқ. Армения тағы да жалған ақпарат таратты» деді министрліктің ресми өкілі Вагиф Даргайли.

12 шілдеде Армения мен Әзербайжан шекарасында қақтығыс болып, 12 әзербайжан сарбазы, 4 армян жауынгері қаза тапқан. Бірнеше күнге созылған қақтығыс кезінде тараптар бір-біріне зымыранмен соққы жасайтынын айтып, сес көрсеткен.

Оқи отырыңыз: Армения мен Әзербайжан шекарасында не болып жатыр? 300 сөзбен түсіндіреміз

Бірнеше ел мен халықаралық ұйымдар жағдайға алаңдаушылық білдіріп, Армения мен Әзербайжанды диалогқа шақырды.

1988-94 жылдары Әзербайжанның Таулы Қарабақ ауданында соғыс болып, 30 мыңға жуық адам қаза тауып, жүздеген мың адам босып кеткен.

Армяндар көп тұратын Таулы Қарабақ соғыстан кейін, 1988 жылы Әзербайжаннан бөлініп, де-факто тәуелсіз өмір сүріп жатыр. Бірақ оның тәуелсіздігін әлі бірде-бір ел мойындамаған. Өзін «Таулы Қарабақ республикасы» деп атайтын бұл ауданды жергілікті армяндар қорғап тұр делінеді. Ал Әзербайжан бұл аймақ Армения әскерінің қорғауында деп санайды. Қарабақта әскери қақтығыс ара-тұра болып тұрады. Жағдайды бейбіт жолмен реттеу үшін құрылған ЕҚЫҰ-ның Минск келісіміне Ресей, АҚШ және Франция мүше.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    13:04
  • Көлік қаққан балалардың құқы аяқ асты таптала бере ме?! (видео)
    29.11.2020, 10:26
  • Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
    28.11.2020, 17:05
  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09