Армения парламенті ЕО-ға кіру процесін бастау үшін заң қабылдады

Заң жобасын парламенттік емес төрт партия мен бірқатар азаматтық бастамаларды біріктіретін «Демократиялық күштер платформасы» көтерді.
26 наурызда Армения парламенті «Армения Республикасының Еуропалық Одаққа қосылу процесінің басталуы туралы» заңды екінші оқылымда мақұлдады.
Заң жобасын парламенттік емес төрт партия мен бірқатар азаматтық бастамаларды біріктіретін «Демократиялық күштер» алға тартты. Олар бұл бастаманы қолдайтын 50 мыңнан астам азаматтың қолын жинап үлгерді.
2025 жылдың қаңтарында бұл құжатты үкімет мақұлдап, парламенттің қарауына жіберді. Сол кезде Армения премьер-министрі Никол Пашинян заң жобасы «Арменияның Еуропалық Одаққа мүше болуын тікелей білдірмейтінін» және бұл мәселе бойынша шешімді «тек референдум арқылы ғана қабылдауға болатынын» мәлімдеген. «Заң қабылданғаннан кейін біз ЕО-мен олар және біз ойлаған жол картасын талқылауымыз керек», - деді Пашинян.
Еске сала кетейік, 2024 жылдың қыркүйегінде Армения мен Еуроодақ визасыз режим туралы келіссөздерді бастаған болатын. Ел үкіметі Армения азаматтарының ЕО-ға қысқа мерзімді сапарлары үшін визасыз режим енгізуді «негізгі салалардағы маңызды реформа» деп атады.
Қазан айында Еуропарламентте сөйлеген сөзінде Никол Пашинян Еуропалық Одақты «соңғы жылдары Армения үкіметінің түбегейлі реформаларына қолдау көрсетіп келе жатқан басты серіктес» деп атады және елдің «ЕО-ға жақындауға дайын екенін» білдірді.