Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:20

Армения президенті: Еліміз енді Ресейдің «інісі» емес

Ваагн
Фото: ТАСС

Армения президенті Ваагн Хачатурян Ресей мен Армения арасындағы қарым-қатынастардың жаңа форматқа өткені туралы мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі байланыстар «аға-іні» емес, серіктестік сипатында» дамып келеді.

«Қазір Ресеймен қарым-қатынасымыз мүлдем басқа – бұл серіктестік. Енді Ресей Арменияға аға мен іні секілді емес, жай ғана әріптес ретінде қарайды. Соңғы төрт жылда көп нәрсеге қол жеткіздік», – деді Хачатурян.

Армения президентінің сөзінше, Ереван «ресейлік әріптестердің Армения үкіметінің тәуелсіз шешімдерін ескергенін қалайды».

Сондай-ақ ол Ресей вице-премьері Алексей Оверчуктың Армения Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен Еуропалық одақтың (ЕО) бірін таңдауы тиіс деген мәлімдемесіне де пікір білдірді.

«Бұл не дегенді Оверчуктың өзінен сұрау керек. Біз ЕАЭО шарттары бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Еуропалық одақпен де экономикалық негіздегі келісімдер аясында жұмыс жүргізілуде. Әзірге ешқандай мәселе туындаған жоқ», – деді Армения басшысы.

Тегтер: