Армения шетелдіктердің заңсыз бала асырап алу оқиғаларын зерттеп жатыр

15.11.2019, 20:00

3

Армения билігі шетел азаматтарының заңсыз бала асырап алуына қатысты ондаған оқиғаны зерттей бастады. Арменияның ұлттық қауіпсіздік қызметінің дерегіне сәйкес, екі армян азаматы перзентхана, балалар үйі және ведомстволардағы таныстарының көмегімен заңды өрескел бұзып, ондаған армян баласын Италия азаматтарына асырауға берген. Бұл оқиға 2016 және 2018 жыл аралығында болған. Бірақ Арменияның қауіпсіздік қызметі олардың қазіргі жағдайына қатысты мәлімет бермеді.

Армения билігінің «балаларды заңсыз асырап алу» туралы мәлімдемесі қоғамда оларды «адам мүшелерін сату мақсатында пайдалану» сияқты түрлі күдік-жорамалдардың пайда болуына түрткі болды.

Кейінірек Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Армен Григорян «нақты жағдайда адамның дене мүшелерін сату туралы әңгіме болып отырған жоқ, қосымша мәлімет болса, хабарланады» деді.

ҰҚҚ дерегінше, 2016-2018 жылдар аралығында Арменияда 54 бала шетелдіктерге заңсыз асырауға берілген. Көбін Италия және АҚШ азаматтары бағып алған.

/*Telegram*/ #gr-961-tel { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-tel img { width:130px; } #gr-961-tel:hover { outline:2px solid #61a8de; text-decoration: none; } #gr-961-tel .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-tel span { color: #61a8de; } #gr-961-tel p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Telegram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39