Бүгін, 09:00
Армения ҰҚШҰ-дан кете ме? – Тасмағамбетовтің түсіндірмесі

Армения Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан (ҰҚШҰ) ресми түрде шыққан жоқ, тек өз мүшелігін уақытша тоқтатып отыр.
Бұл туралы ұйымның бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазіргі таңда тараптар арасында тек жұмыс деңгейіндегі байланыс сақталып отыр. Арменияға ҰҚШҰ хатшылығында талқыланатын барлық мәселелер бойынша ақпарат беріліп келеді.
– Ашығын айтқанда, Армения ҰҚШҰ-дан шыққан жоқ. Тек ұйым жұмысына қатысуын уақытша тоқтатқан, – деді Тасмағамбетов.
Бас хатшының сөзінше, ұйым Арменияның бұл шешіміне түсіністікпен қарайды. Ал елдің ҰҚШҰ-ға болашақта қатыса ма, жоқ па – бұл армян билігінің шешімі болмақ.