Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:16, 21 Наурыз 2022

Арнайы комиссия құрылды. СҚО әкімі ЖЭО-дағы апат туралы айтты

None
None

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Петропавл қаласының ЖЭО-2-дегі құбырдың опырылғанына қатысты түсініктеме берді.

«Мемлекет басшысы қысқа мерзімде Петропавл тұрғындарын жылумен қамтамасыз етуді тапсырды. Кешегі апаттан кейін тек төрт қазандық агрегаты жұмыс істеп тұр. Апат салдарынан екеуі істен шықты. Бүгін үшіншісі іске қосылды. Түстен кейін төртіншісі қалыпқа келеді. Кешке дейін барлық ақау жойылып, қалыпты жұмысқа ораламыз. 

Қазір қалпына келтіру және іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Кеше апат орнында бір қызметкеріміз жұмыс істеді. Біз оны іздеп жатырмыз. Басқа зардап шеккендер не медициналық көмекке жүгінген адамдар жоқ. Апаттың себептерін зерттейтін арнайы комиссия құрылды. Оған әкімдік, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және тиісті мамандар кірді. Нәтижелер мен қорытындыларды халыққа жария етеміз», — деді СҚО әкімі.

Еске салайық, бүгін Петропавлда ЖЭО-2-дегі үш құбырдың бірі опырылғаны хабарланған болатын.

Тегтер: